Білім ордамыздың жастары Бекзатты

Оқу ордамыздың түлегі, өзінің аз ғұмырында қазақ жұдырығының құдіретін әлемге танытқан Бекзат Саттархановты еске алды.

Сәуірдің төртінші жұлдызы Университет Жастар ұйымының басқаруымен Сидней олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановқа Құран оқылып, мазарының басына гүл қойылды. Аталмыш еске алуда батырдың ата-анасы сөз алып, Бекзаттың басып өткен іздері жайлы айта келе, «Бекзат – Алаш үшін туылған ұл» десе, Б. Саттар­ханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестік жетекшісі техн.ғ.д., профессор Т. Райымбердиев және ҚР жастардың бас бапкері Г.Галовкиннің жаттықтырушысы К.Ғалым сияқты зиялы ағалар былғары қолғап шеберінің қысқа ғұмырында елі үшін төккен тер, жеткен жетістіктері, атқарған ең­бектерін баян етті.

Шұғайып Сезімханұлы

журналистика бөлімінің

2-курс студенті

Back to top button