БІЛІМ ГРАНТЫНА – 34 315 АДАМ

БІЛІМ ГРАНТЫНА – 34 315 АДАМ

БІЛІМ ГРАНТЫНА – 34 315 АДАМ
ашық дереккөзі

Биылғы 2012-2013 жылға арналған жоғары бiлiмдi мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының жалпы көлемi 34 315 бiлiм беру грантын құрап отыр.

Бұл жайында кеше ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі респуб­ликалық комиссия жұмы­сында мәлім болды.

Сонымен бірге, конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі де анықталып отыр. Бүгінде білім беру грантын орналастыру құқығына 80 жоғары оқу орны ие болған екен. Министрлік берген деректерге сүйенсек, білім беру грантын тағайындау конкурсына 67 985 талапкер қатысыпты. Олардың 48 350 талапкері — қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 19 635 талапкері — орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. Тоқтала кететін жайт, 2011 жылы 91 018 талапкер қатысып, олардың 66 912 талапкері – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 24106 талапкері – орыс тіліндегі оқу бөліміне үміткер болған еді.

Білім және ғылым министрі Б.Жұ­мағұлов: «Конкурсқа қатысу­шылардың арасында 54 612 талапкер – ҰБТ-ның, 12 110 талапкер – кешенді тестілеудің, 948 талапкер – халықаралық олимпиадалардың, 315 талапкер – Назарбаев зияткерлік мектебінің сертификатымен еніп отыр. Ал 2011 жылмен салыстырғанда, былтыр ҰБТ қатысқандар – 80 353 талапкер, кешенді тестілеу – 9 872, халықаралық олимпиадалар – 793 адамды құраған болатын», – деп атап өтті.

Д.ДҮРМӘН