ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰРЛАҒАН КВОТА

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰРЛАҒАН КВОТА

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰРЛАҒАН КВОТА
ашық дереккөзі

Орал қаласында сәуірдің орта шенінде екі жыл бойы оралмандарға бөлінген мемлекеттік квотаны заңсыз иеленіп келген қылмыстық топ үстінен іс қозғалды. Орал қаласының екі тұрғыны Өзбекстан азаматтарының төлқұжатын, неке куәлігін және балалардың туу туралы куәлігін қолдан жасап, оралмандарға бөлінген қаржыны пайдаланып келген. Олар Қаржы полициясы тергеушісіне 10 мың доллар көлемінде пара бермек болған. Бұл екі азаматқа қарсы 35 қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында күдіктілер қылмыстық іске республиканың өзге аудандарынан адам тартып отырғаны белгілі болған. Қазіргі сәтте Батыс Қазақстан облыстық көші-қон полициясының қызметкерлерінің бұл іске қаншалықты қатысы барлығы анықталуда. Күдіктілер жалған құжатпен мемлекеттен 9 миллион теңге жымқырған», – дейді Батыс Қазақстан облыстық Экономикалық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы Талғат Сәдуақасов.

«Түркiстан-ақпарат»