БҰЛТТАРДЫ ЫДЫРАТУҒА – 64 МЛН. РУБЛЬ

БҰЛТТАРДЫ ЫДЫРАТУҒА – 64 МЛН. РУБЛЬ

БҰЛТТАРДЫ ЫДЫРАТУҒА – 64 МЛН. РУБЛЬ
ашық дереккөзі

Мәскеудің билік өкілдері Жеңіс күніне орай бұлттарды ыдыратып жіберуге 64 млн. рубль қаражат жұмсайды. Қалада мерекелік күндер – 9 мамыр, 12 маусым мен Қала күніне, 2 қыркүйекке 194 млн. рубль жұмсау қарастырылған.

Бұлттарды ыдырату үшін түйіршіктелген көмір қышқыл, сұйық азот пен М-500 цементі қолданылатын болады. Қажеттілік туындаған жағдайда, 9 мамыр күні Мәскеуде бұлттарды аспаннан қуу жұмысы таңнан түн ортасына дейін жалғаспақ. Қысқасы, мереке күндері Мәскеу аспанына келген бұлт оңбай таяқ жейтін түрі бар.

Дайындағандар:

Д.Мыңжасарқызы, А.Айдарқызы