МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РУХЫН АСҚАҚТАТҚАН ЕҢБЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РУХЫН АСҚАҚТАТҚАН ЕҢБЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РУХЫН АСҚАҚТАТҚАН ЕҢБЕК
ашық дереккөзі

Жақында «Елорда» баспасынан саналы ғұмырын қазақ тілінің айбынын асқақтатып, мәртебесін биіктетуге арна­ған белгілі ғалым, журналист Біржан Белғараның «Баспасөз және мемлекеттік тіл» атты кітабы жарыққа шықты. Аталмыш еңбекте автор қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның қабылдауына отандық баспасөздің тигізген ықпалы, қазіргі қазақ қоға­мындағы баспасөздің атқарып отырған қызметі мен қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі­не жан-жақты талдау жасаған.

«Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары тіл мә­селесі тақырыбында талай таласты ой-пікірдің өрістеуіне шын мәніндегі демократиялық талапқа сай ықпал етті. Бұл орайда ұлттық мүддені, яғни тек қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруді бәрінен жо­ғары қойған басылымдар да, сондай-ақ қазақ тілімен қатар орыс тілінің де бір дәрежеде болуын қалағандар да, және қазақ тілінің әлеуеті мен мүмкіндігіне барынша күмән білдіріп, бұра тартуға тырысып, жұртшылық арасында алауыздық туғызып, ой-пікір адасушылығына алып келген басылымдар да болды. Бұл демократиялық дамудың табиғи заңдылығы да еді» деп жазады автор.

02.02.2012