БҮЛДIРШIНДЕРДIҢ ЖАНЫНА ЖАҚЫН ЖҰПАРГҮЛ

БҮЛДIРШIНДЕРДIҢ ЖАНЫНА ЖАҚЫН ЖҰПАРГҮЛ

БҮЛДIРШIНДЕРДIҢ ЖАНЫНА ЖАҚЫН ЖҰПАРГҮЛ
ашық дереккөзі
425

Соңғы кездерi бiлiм ордаларында мектеп аулаларына тал егу, түрлi ағаш отырғызу үрдiсi жиiлеп келедi. Жас ұрпақтың табиғатпен етене араласып, қоршаған ортаны қорғауда белсендi әрекет етуiне, айналасындағы тiршiлiк бiткенге қайырымды азамат болып өсуiне мұндай игi бастаманың ықпалы зор. Осындай игiлiктi iске ұйыған Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №128 жалпы бiлiм беретiн мектептiң бiрiншi сыныбындағы 59 оқушы өздерi бiлiм алып жатқан шаңырақтың ауласына көшеттер отырғызды.

Мұндайда апайларымен бiрге қызу iске кiрiскен бүлдiршiндердiң мәре-сәре болған тәттi қылықтарын сырттай бақылаудың өзi қызық. Бiлектерiн сыбанып алған ұлдар жағы күректерге таласса, қыздар жағы отырғызылған көшеттердi суғарумен әлек. Бiз сөзге тартқан мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Досболова Сайра Амангелдiқызының айтуынша, ағаш егу шарасын жыл сайын өткiзiп отыру дәстүрге айналғалы үш жылдың жүзi болыпты: «Сонымен қатар Алматы қаласының шеңберiнде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қаланы көгалдандыру iсiне ат салысатын бiрiншi және он бiрiншi сынып оқушылары «Менiң талым» акциясына орай, көшет отырғызып, оны күтiп-баптауды мiндетiне алады. Аталған шараны бастауға мұрындық болған – Алмалы ауданының әкiмi Пiрiнбеков Марат Үсенұлы. Әкiмдiк тарапынан мектебiмiзге 10 шырша бөлiндi. Былтыр Алмалы ауданының әкiмдiгiнiң көмегiмен мектеп бағына 6 боз арша, 10 жұпаргүл, 25 түп раушан гүлi отырғызылған. Ал ауладағы ағаштардың жалпы саны 180-нен астам».

Табиғат аясында тал отырғызу бұғаналары әлi қатып үлгермеген балалардың денсаулықтарын шыңдай түсуiне және рухани дамуына зор ықпал етерi анық. 1 А сыныбының жетекшiсi Сайраш Бекболатова: «Бiздiң биыл таңдағанымыз – жұпаргүл ағаштары. Бақты және мектеп ауласын көктемде жұпар иiсiмен сергiтсiн деген тiлегiмiз бар. Негiзi көгалдандыру жұмысына оқушыларды түгел тартатын игi бастама мектебiмiзге Қабылбекова Фарида Сәбiшқызы басшы боп келгелi берi үздiксiз жүргiзiлiп келедi. Түрлi талдардың көшетiн, гүлдердi отырғызу барысында бiз балаларды ағаштар, гүлдер түрiмен таныстырып, олардың қанша жыл өмiр сүретiндiгiн түсiндiремiз әрi оларды еңбекқорлыққа баулимыз. Өйткенi, оқушылар өздерi еккен ағаш не гүлдердi бос уақыттарында баптауды, олардың жайқалып өсуiне жағдай жасауды үйренедi» дейдi. Балаларға 25 жылдан берi ұстаздық етуден жалықпай келе жатқан ұстаз Сайраш Шамшыраққызы балалармен бiрге қызу ат салысқан ата-аналар қауымына да дән риза: «Балалар ағаш егуге апаларымен, ата-әжелерiмен бiрге құлшына кiрiсiп жатыр. Ересектердiң бүлдiршiндерге күрек ұстауды үйретуi – оларды адал еңбек етуге үндеуi. Бұл ұрпақ тәрбиесiнде өте маңызды деп бiлем».

Көгалдандыру iсiнде немересiмен бiрге ат салысқан ата-аналардың бiрi Мәулихат апа 40 жыл жас ұрпаққа ұстаздық етiптi. Балаларға ақ батасын берген қарт мұғалiм: «Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, балаларды табиғатты аялауға үйрететiн бұл дәстүр – өте тамаша үрдiстердiң бiрi. Балалар тер төгуге, еңбек етуге икемделедi. Сондай-ақ, 11 жыл бойы күтiп-баптаған ағаштарын келесi жас буынға табыстап кетедi. Ұрпақтар сабақтастығы дегенiңiз – осы» дедi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары