Бүгін Боровское ауылында жоғалып кеткен зейнеткер қамыстар арасынан табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, ер адам бірнеше күн бұрын сағат 12:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Есінен айырылу дертіне шалдыққан қария бұрын да бірнеше рет үйінен кетіп, адасып қалған. Қолында мобильді телефоны болмаған.
«Іздестіру жұмыстарына ТЖМ-нің 7 қызметкері, 2 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ 4 қызметтік автокөлігі бар 15 полиция мен 10 ерікті жұмылдырылды.
Бірлескен күш-жігердің арқасында зейнеткер Мормышное көлі маңындағы қамыстар арасынан табылды. Табылғаннан кейін ер адамды «103» қызметінің медицина мамандарына тексеру және көмек көрсету үшін тапсырылды», - делінген хабарламада.