The Economist журналы 2026 жылға болжамын жариялады, болжам көңіл көншітпейді. Басылымның пікірінше, келер жылы Украинадағы соғыс жалғасады, ал Ресей Батыс одақтарының беріктігіне түрлі “сұр аймақ” провокациялары арқылы сына қаға береді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Редактор Том Стендейдж атап өткендей, әлем ережелерді АҚШ президенті Дональд Трамп белгілейтін жаңа дәуірге аяқ басты. Журнал сарапшыларының пайымдауынша, 2026 жылы әлем америкалық, ресейлік және қытайлық үш ықпал аймағына бөлінуі ықтимал. Мұндай жағдайда әрбір держава өз аймағында еркін әрекет етеді.
The Economist Еуропаға ерекше назар аударады: құрлық елдері бір мезетте қорғаныс шығындарын ұлғайтып, АҚШ-пен одақты сақтап қалуға және өсіп жатқан бюджет тапшылығын тежеуге мәжбүр болады.
Басылым сонымен қатар әлемдік қаржы дағдарысы қаупінің күшеюін, бай елдердің “өз шамасынан тыс өмір сүруін”, сондай-ақ жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсеріне қатысты алаңдаушылықтың артуын атап өтеді.
The Economist-тің қорытындысы: алдағы жыл тұрақсыздық, жаңа технологиялар мен саяси қайта бөліністер кезеңі болмақ.