«...ОЛ БIЗДIҢ КӨҢIЛIМIЗДЕ, ЖҮРЕГIМIЗДЕ»

«...ОЛ БIЗДIҢ КӨҢIЛIМIЗДЕ, ЖҮРЕГIМIЗДЕ»

«...ОЛ БIЗДIҢ КӨҢIЛIМIЗДЕ, ЖҮРЕГIМIЗДЕ»
ашық дереккөзі

Жуырда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң баспасынан «Тұлғатану сериясымен» көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi Әшiр Бүркiтбаевтың құжаттары мен көсем сөздерi, күндерегi жинақ болып жарыққа шықты. Жинақ материалдарын мұрағаттардан жинап құрастырушы тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ.Шiлдебай.

Әшiр Бүркiтбаев Қазақстанда 1934 жылы ашылған Қазақ Тау-кен-металлургия институтының алғашқы негiзiн қалаушы, ұйымдастырушы-инженер. Сол институттың тұңғыш ректоры. Институтты 1939 жылы бiтiрген М.Медведев: «Бiзге, студент-оқушыларға, директорымыз Ә.Ж.Бүркiтбаев өте сауатты, кiшiпейiл, мейрiмдi болатын. Ол мезгiл-мезгiл жастардың жатақханасына келiп, олардың хал-жағдайымен танысып, қолдан келген көмегiн аямайтын. Өмiрiнiң соңғы жылдарын ол ғылыми, тәрбие-оқу жұмыстарына, республикада жедел дамып келе жатқан өнеркәсiптерге инженер кадрларын даярлау iсiне арнады. Коммунистiк партияның тәрбиесiн көрген Әшiр Бүркiтбаев терең ойлы, жаны жайсаң, таза жүректi нағыз коммунист болды. Ол бiздiң көңiлiмiзде, жүрегiмiзде солай сақталып қалды», – деп жазған.

Әшiр Бүркiтбаев 1937 жылы 1-қазанда «халық жауы» деген айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 28-ақпанда КСРО Жоғары сотының көшпелi коллегия үкiмiмен ату жазасына кесiлдi.

Жинақ техникалық университетiнiң 75 жылдық мерекесiне орай басылып шықты.

К.АДЫРБЕКҰЛЫ