ТҮРКIСТАН ШАҺАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ ТУРАЛЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТI

ТҮРКIСТАН ШАҺАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ ТУРАЛЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТI

ТҮРКIСТАН ШАҺАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛ ТУРАЛЫ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТI
ашық дереккөзі

Өткен аптаның сәрсенбi күнi «Ел-шежiре» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркiстан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнде өзге ұлт өкiлдерiне мемлекеттiк тiлдi үйретудiң әдiс-тәсiлдерi хақында «Мемлекеттiк тiл — менiң тiлiм» атты семинар болып өттi.

Семинарды университеттiң вице-президентi, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбеков ашып, семинар тақырыбының маңызы мен өзектiлiгiне тоқталды.

Отыз екi ұлттың өкiлi дәрiс алатын университеттегi осы семинарда филология ғылымының кандидаты, доцент Дина Әбiшқызы Молдалиева «Мемлекеттiк тiлдi жоғары оқу орындарында үйретудiң жолдары», сондай-ақ филология ғылымының кандидаты, доцент Балтагүл Оспанқызы Оспанова «Өзге ұлт өкiлдерiне қазақ тiлiн оқытудың кейбiр мәселелерi» деген баяндама жасады.

Семинарға құрметтi қонақ ретiнде қатысқан белгiлi ұйғыртанушы ғалым Омақ Садуақасова әлемдiк түркi тiлдерiнiң қазiргi хал-ахуалы хақында тартымды әңгiме қозғады.