“БIРЖАН САЛ” ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫН КӨТЕРЕДI

«Бiржан сал» фильмiнiң премьерасы болатын күнi «Алатау» кинотеатрында ине шаншар орын болған жоқ. Залдың iшi лық толы. Екi жағында да сiрескен көрермен. Бәрiнiң назары экранда. Сiрескен қалпы, екi сағаттан аса уақыт, тапжылмастан фильмдi тамашалады. Демек, көрерменге фильм ұнады. Көптен iздегенiн тапты. Дәл осындай жағдай «Көшпендiлер» фильмiнiң премьерасында да болған. Онда да «Алатаудың» кино залында ине шаншар орын болмаған едi. Дақпырты басым болған фильмдi көруге құмартқандар көп болып едi. Бұл жолы көрермен «Көшпендiлерге» қарағанда, жақсы әсерде қалғандай көрiндi маған. Онда көпшiлiктiң көңiлiнде «әттеген-ай» басым болып едi, бұл жолы олардың бойынан «бәрекелдiнi» байқадық. Шөлiркеп келiп, сусап отырған көрермен құдықтың суын қанып iшкендей болды.

Фильмдi бiз де көрдiк. Бiрде қиналып, бiрде мұңайып, бiрде аяп, бiрде жүрегiң ауырып, бiрде күлiп, бiрде қуандық. Екi сағат бойы адам әлгi фильммен бiрге әртүрлi күйзелiстi, қуанышты бастан кешiрдi. Өйткенi, бұл фильмнен адамдардың, қазақтың өнерiнiң тағдырын көрдiк. Өнер адамының қиналысын байқадық, табиғат берген дарынының талантына бас ұрдық. Көрерменнiң бәрiн осындай әсерге бөлеген не құдiрет? Әрине, бұл киноның құдiретi. Қазақ кино өнерiнiң құдiретi болар, бәлкiм. Фильм бiткеннен кейiн, әр көрерменнiң бойында әртүрлi сезiм кеттi. Мүмкiн, қуаныш сезiмi, мүмкiн, қиналыс шығар… Қуанатыны, көптен берi аңсап жүрген фильм дүниеге келдi. Қиналысы, қазақтың Бiржанының тағдырының, адам тағдырының мұншама азапты жолмен өткенiне адамдардың кiнәсiнiң көп екендiгiн ұқты. Өнердi, ақынды қадiрлемейтiн қоғамды көрдi…Жалпы, фильм көпшiлiктiң көңiлiнен шыққан сияқты. Дабырласа шығып жатқан көрерменнiң пiкiрi де осыған саяды. Жеке-жеке тоқтатып, пiкiрiн бiлудiң де қажетi болған жоқ. Олардың көңiл-күйiнен осыны сұрамай-ақ, ұғуға болады.

Әрине, фильмнiң жақсы болуы режиссерге де, актерге де, сценарий авторына да байланысты. Бiрақ, ауыр жүктi кiм көбiрек арқалады екен? Бiздiң көкейiмiзде осы сауал тұрды. Қанша дегенмен, Бiржанның бейнесiн жасауда сценарий авторының ролi аз болмаған сияқты. Осы тұрғыда, «Бiржан салдың» сценарийiн жазған Таласбек Әсемқұловқа бiрер сауал тастаған едiк.

– Таласбек аға, «Бiржан салға» қалай келдiңiз? Сценарийдi алдын-ала жаздыңыз ба, әлде арнайы тапсырыс болды ма?

– 2003 жылы көктемде белгiлi сыншы, өнертанушы Әлия Бөпежанова маған хабарласып, «Кездесейiк» дедi. Кездестiк. Сол кездесуде Әлия: «Досхан Жолжақсыновты жақсы бiлесiң. Ол «Бiржан сал туралы фильм түсiрсем, Бiржанды ойнасам» деп өмiр бойы армандап келедi. Бiрақ, қолына жақсы сценарий түспептi. Бiрлi-екiлi адам жазып берген екен, оны ұнатпапты. Сол сценарийдi сен жазсаң қалай болады?» дедi. Оның алдында «Көшпендiлерге» қатысқам. Францияға да бiрлi-екiлi сценарий жазып жiбергем. Бiрақ, түсiрмедi. «Көшпендiлерден» жеңiлiп қалдым. Ол жолы Ибрагимбеков жеңдi. Әлия Бөпежановаға «Жарайды» дедiм. Көктемнiң жақсы бiр күнiнде Фурманов пен Қабанбай көшесiнiң қиылысқан жерiнде Асылбек Ықсан, Досхан бар, үшеумiз кездестiк. Досхан: «Ал, жiгiттер, осындай шаруа, жаза аласыңдар ма?» дедi. Сосын мен: «Жарайды, көрейiк» дедiм. Өзiм шығыстың азаматымын, бiздiң жақта Бiржанның әндерiн көп орындайды. «Бiржан-Сараның айтысын» да жақсы бiлем дегендей, «Жақсы» деп, өз келiсiмiмдi бердiм. Арада үш-төрт ай өткеннен кейiн Асылбек Ықсан: «Тәке, менiң уақытым жоқ екен. Осы жобадан шығып қалайын» дедi. Содан Асылбек кетiп қалды. Әрине, Бiржанды бiлем. Бiрақ, бiлгенiңмен, оны зерттеу артық болмайды ғой. Бiржан туралы тiкелей жазылған, жанама берiлген 60 шақты докторлық диссертация бар екен. Бiреулер Бiржан туралы арнайы жазған, бiреулер жанама деректерде берiп кеткен, екi айдың iшiнде осының бәрiн қарап шықтым. Ең үлкен деректi Бiржанның өзiнiң поэзиясынан таптым. Кiммен достасқаны, кiммен жауласқаны поэзиясынан бәрi анық көрiнiп тұр. Сөйтiп, сценарийдi жазуға 2004 жылдың көктемiнде отырдым. Тоқтаусыз жиырма күн жаздым. Бастырдым, өйттiм-бүйттiм, соңында дайын болғаннан кейiн Досханға апарып бердiм. Досхан алғашында тосырқап қалды. Өзiнiң ойында өмiр бойы аялап жүрген, образын жасап алған бейне бар ғой. Мен бұған қайшы келген болуым керек. «Түсiнбедiм ғой» дедi. Сосын: «Аға, бiр оқыған болмайды. Кемiнде екi-үш рет оқу керек» дедiм. Мұндағы оқиғалардың бiразы рас. Жанботамен бiрге жүрiп-тұрғаны, Азнабайдан таяқ жегенi… Көп көңiлдесiнiң iшiнен Мақпал деген қызды таңдап алдық. Оның бәрiн көрсетiп жатпайсың ғой. Ләйлiмдi соңғы махаббаты қып таңдадым. Бүкiл өмiрiнiң бәрiн айту шарт емес. Соңғы екi жылын алуға тырыстым. Досхан оқып болып: «Мына жерiн мынандай екен, ана жерi анандай екен» деп жатыр. «Сiздiң көзiңiз үйренбей жатыр. Бәрiн басынан аяғына дейiн қайта оқыңыз» дедiм. Арада бiр ай өткеннен кейiн қайта телефон шалып тұр. «Мынауың керемет екен» дедi. Бiр айдың iшiнде пiкiрi өзгерген.

– Мүмкiн, бiреулермен ақылдасқан шығар. Оқытқан да болар.

– Ол да мүмкiн. Сценарийдi Мұхтар Мағауин оқыпты. Мағауин сценарийдiң соңғы жақтарын сызып тастады. Батыстың киноларынан қарасақ, 20 жыл өте ме, 40 жыл өте ме, бас кейiпкерлер қайта кездесiп жатады. Сценарийде Бiржанның жанында жүрген атқосшы (ол да ойдан шығарылған) Байкенже арада қырық жыл өткеннен кейiн Ләйлiммен кездеседi. Байкенже шал, Ләйлiм кемпiр болған. Бiрiн-бiрi танып, Бiржанды әңгiме қылып, еске алып отырады. Мұхтар Мағауин оқып шықты да, «мынаны алып тастаңдар, Бiржанның өмiрi өзiнiң әнi сияқты аяқталуы керек, шорт кесiлуi керек. Одан кейiнгi әңгiменiң түкке керегi жоқ» дедi. Соңғы жағын Мағауиннiң пiкiрiмен алып тастадық. Одан да бөлек, хабары бар сауатты деген бiрнеше азаматтарға оқытты. Олар да «жақсы» деген пiкiр бердi. Бiрақ, фильмнiң «Қазақфильмдегi» жолы ауыр болды. Басшылықта Сергей Әзiмов отырды. Ол шынын айту керек, қарсы болды. Одан кейiн бiреулердi автор етiп, қабаттастырып қойды. Амал-жоқ, директор айтқан соң көнесiң. Бәрiн көтерiп алдық. Ең бастысы, фильм жарыққа шықсын деп ойладық. Өттi, бекiтiлдi. Күндердiң күнiнде Әзiмовтiң орнына Қашағанова келдi. Жолдан қосылғандардың бәрiн шығарып тастадық. Өйткенi, олардан ешқандай пайда жоқ. Оларға қарағанда жазушылар көш биiк. Өйткенi, олар оқиғаны құрай бiледi. Адам тағдырын көрсете бiледi. Киностудияда отырғандардың көбi Мәскеуде бiтiрiп, диплом алып келген. Болды. Одан басқа ешнәрсесi жоқ. Досхан әйтеуiр түсiрiлетiнiне сендi. Сенгеннен кейiн, iштей дайындала бастады. Жүйрiк аттарды, ертоқымдарды даярлады. Әсiресе, Қытайдан, Моңғолиядан келген қазақтар керемет ертоқымдар алып келген ғой. Соларды алып келдi. Екi қасқыр дайындады. Кейiн ол қасқырлары қашып кеттi, содан кейiн Iшкi iстер министрлiгiнiң бiр қасқырын алып, қашып кетпесiн деп, шынжырлап, ұстап жiбермей отырған. Бәрiн түсiрiп болғаннан кейiн, шынжырды көрсетпей, компьютермен алып тастайды екен ғой. Фильмде қарасаңыз, шынжырсыз қашып бара жатқан сияқты. Кастинг өте керемет болды. Оны жариялаған жоқ. Өзi сенiп, өзi бiлетiн адамдарын шақыртыпты. Көп кiсi келiптi. Солардың арасынан актерлердi iрiктеп, таңдап алыпты. Әрине, белгiлi актерлерден бiразы түстi. Сәбит Оразбаев, Саят Мерекенов, Болат Әбдiлманов сияқты актерлердi түсiрдi.

– Кино түсiрiлiп жатқанда, басы-қасында жүрдiңiз бе?

– Негiзi қатысуым керек едi. Түсiрiлу барысында кейде бiр нәрсенi өзгертуге тура келедi. Мен ауырып бара алмадым. Бiрақ, «телефоныңды өшiрме» деп айтты. Күнi-түнi телефоным қосулы тұрды. Үздiксiз телефон шалады. Көкшетауда Бурабайдың аржағында Майбалық деген жер бар екен. Жергiлiктi аудан сол жердi босатып берген ғой. Мал жайылмайды, жан-жағын қоршап тұрады. Сол жерде түсiрiлдi. Белгiлi актерлер түстi. Облыстық драма театрлардан да актерлер қатысты. Бұрын белгiсiз, өздерiнiң өнерiн көрсете алмай жүрген актерлер түстi. Мәселен, Азнабайдың ролiне түскен актер Төлен Қуанышев қандай ойнады? Өкiнiшке қарай, фильмнен кейiн қайтыс болып кеттi. Атыраудың облыстық драма театрының көркемдiк жетекшiсi екен. Көлбай-Жанбай деген ағайынды байлардың Көлбайының ролiне Талдықорғандағы облыстық драма театрдың Сағындық деген актерi бар, сол ойнады. Досхан Жолжақсынов фильмдi түсiруге ұзақ дайындалды. Тiптi, үстерiне киетiн киiмдерiн керемет дайындықпен тiккен. Бiржан таяқ жегеннен кейiн Жұбай деген серiлердiң бiрi келiп, арызданады ғой. Сонда жұрт байқады ма, байқамады ма бiлмеймiн, Жұбайдың киген шалбары күдерiден тiгiлген шалбар. Дәстүрлi киiм. Баяғыда «Жаушы» деген кинода масқара болған. Той болып жатқанда, бiр кiсi фабриканың домбырасын тартып отырады. Ұят емес пе? Досхан белгiлi шебер Айтмұхамбетке ескi формадағы домбыралардың суреттерiн салып, соны дайындатқызыпты. Бұл киноның мақсаты – ХIХ-ғасырдағы қазақтың ортасы, жүрген жүрiс-тұрысы, иманы, сыйлауы, тiлi, өнерi, киiмi, сол кездегi сүйiспеншiлiк қандай болған, осыны көрсету болды. Мiне, қазақтың рухын бейнелейтiн нәрселер дегiмiз келдi. Сценарийдi жазғаннан кейiн мақтап тұрғаным жоқ, фильмдi көргендер «жақсы» деген пiкiр айтып жатыр.

– Аға, фильмде тiл кiшкене ауырлау, күрделiлеу сияқты көрiндi маған…

– Қазiр бiздiң тiлiмiз шұбарланды ғой. Жаргонмен келдiк. Адамның миына кiрмейтiн сөздер пайда болды. «Құлақтан теуiп кеттi» деп жүр. Бұл «алдап кеттi» деген сөз екен. Осындай бола ма? Қайта ХIХ ғасырдағы тiл сондай болған. Сондықтан, ауыр емес. Орыстың театрының кереметi, әдеби сөйлейдi. Шындығында, театр, кино өнерi ұзақ-ұзақ сөйлеудi меңгермеген. Тез-тез, шорт кесуге тырысады. Өйткенi, ұзақ сөйлесе, күмән туады. Мынау роль ойнап отыр ма, әлде кiтап оқып отыр ма дегендей… Орыстар осыны меңгерген. Оларда бәрi табиғи. Олардың монологтарын санасақ, тiлдерi өте күрделi. Сағаттап сөйлейдi. Жарасып тұрады. Өйткенi, олар табиғи сөйлеудi меңгерген. Киноның драматургиясы сөзсiз болмайды. Сөзсiз кино болған кезiнде. Мәселен, Чарли Чаплин… Бiрақ, оларды сөзсiз деп айтуға болмайды. Оларда субтитр жүрiп жатады. Драма болғаннан кейiн, оқиғаны шиеленiстiру үшiн сөз керек.

– Тағы бiр сұрақ, махаббат тақырыбына қатысты. Бұл фильмде әйелдiң орнын ер азаматтан төмендетудi көздеген сияқты.

– Ертеде әйелдер ер азаматты өте биiк бағалаған. Бұл қорлау деген сөз емес. Өйткенi, әйел азаматын асқақтатқан сайын, өзi де биiктей бередi. Мәселен, Әпiш: «Азаматтың ары тапталып жатқанда, бiр әйелдiң өлiмi не тәйiрi, садақа» дейдi ғой. Ол керемет асқақ, ол әйелдiң ұлылығының, кемеңгерлiгiнiң белгiсi. Ол «мен түкке тұрмаймын» деген сөз емес. Қазiр еркек неге төмендеп кеттi? Өйткенi, әйел бағаламайды. Қазақтың еркектерi нашар, табансыз, қорқақ болып кеттi. Заманының теперiшi, бәрi бар. Тағы бiр фактор, әйел ер азаматын бағаламайды. Кеңес Одағы әйел мен еркектi теңестiрдi. Ол теңдiк мүлдем басқа формаға айналып кеттi. Ер азамат болғаннан кейiн, еркектiң абыройы, еңсесi биiк болуы керек. Сондықтан, фильмде әйел ер азаматын асқақтатты.

– Фильмде Бiржанның Ләйлiммен қоштасатын тұсы бар. Осы бiр тұста, Бiржан өзiнiң махаббаттымен қоштасқан тұсында қиналысын көрсете алмағандай көрiндi маған. Әрине, елдiң жолында махаббатты құрбандыққа шалуға болады. Бiрақ, ол сүйгенiнен айрылғанын көрсету қажет едi…

– Әркiмге әрқалай әсер етедi ғой. Ол ендi көрерменнiң түйсiгiне байланысты. Ол жерде Бiржан қызды алып кетуiне болады. Өйтсе, ел арасы бұзылады. Бiрақ, Бiржан қиналысын әнмен шығарды. Одан басқа не iстей алады? Мұндағы айтатын тағы бiр нәрсе, фильмде көп нәрсе кесiлiп қалды. Өйткенi, берiлген уақытқа сыймады. Досхан сценарийдi қимай, төрт жылдай түсiрген. Бiр эпизодты қимаған. Бәрiн түсiрген. Мұнда әкелiп компьютерге салса, бес сағаттан асып кетiптi. Ал, берiлгенi екi сағат. Не iстеу керек? Қимай отырып, кескен. Осының өзi көп болып саналады.

– Сценарист ретiнде емес, көрермен ретiнде фильмдi көргеннен кейiн, қандай пiкiрде болдыңыз?

– Мен оны экранға шыққанға дейiн де бiрнеше рет көрдiм. Әуелi алғашқы монтаж дейдi ғой. Құр сурет… Соны көрдiм. Кейiн, дауыстар жазылғаннан кейiн тағы көрдiм. Мұнда тағы бiр қызығы, бiрiнiң дауысын бiрi жазды. Мәселен, Сәбит Оразбаевтың дауысын Саят Мерекенов жазды. Нұржанның ролiн ойнаған актер. Ал, бұл рольдiң дауысын Айдос Бектемiров деген актер жазды. Ол – Жанботаны ойнаған актер, ал Жанботаның дауысын жазған Тұңғышбай Жаманқұлов. Ләйлiмдi ойнаған Аша Матай эстрада әншiсi болғаннан кейiн, оның дауысы онша келiңкiремедi. Оның дауысын актриса Күнсұлу Тұрғынбекқызы жазды. Фильмнiң дауысын жазып болған соң, Мәскеуге жiберердiң алдында бiр рет көрдiм. Мәскеуден келгеннен кейiн «Мега» сауда орталығының кiшкентай залында соңғы нұсқасын көрдiм. Соны көргенде, сұмдық әсер еттi. Тiптi, алдыңғы көрген фильмдерiмдi танымай қалдым. Кеше премьерада актерлер де келiп, өздерiн алғаш рет көрдi. Оған дейiн көрмеген. Бiрiншi көргенде олар өздерiн iздейдi. Ал екiншi рет көргенде сезiммен қарайды, мағынасын ұғады. Ең бастысы, фильмнен адамның ең үлкен тағдырын, серiлердiң тағдырын көрдiм. Серiлер о баста, әскери одақ болған ғой. Соғыс кезiнде алдыңғы лекте тұрады. Отан үшiн өледi. Сол себептi, елде халыққа еркелейдi. Халық олардың еркелiгiнiң бәрiн көтерiп алады. Фильмде байқадың ба, кiсiнi жерлеуге келе жатады ғой. Кекiлiн қиып, тұлданған ат келе жатады. Сонда серiлердiң бiрi: «Қояр көбейсiн» деп бәдiк айтады. Жас жiгiт: «Не оттап тұрсың?» дегенде, сол жердегi шал: «Әй, жап аузыңды» дейдi. Өйткенi, бәдiк не айтса да көтерiп алады. Ескi салтта солай. Серiлердiң тағдыры, серiнiң соңғы махаббаты, кемеңгер әйелдердiң бейнесi, әрине, Әпiш Қобыландының жары Құртқаның деңгейiне көтерiле қойған жоқ, ХIХ ғасырдағы кемеңгер әйелдiң бейнесiн көрсетiп бердi. Көңiлдесi Мақпал да ақылды әйелдiң бейнесiн жасап шықты.

– Өткен ғасырдағы қазақ бейнесiн бүгiнгi қоғамдағы қазақ көрерменiне алып келдiк дейсiз ғой.

– Ертеде қандай болғанбыз? Бiз қандаймыз қазiр? Қазiргi әйел Әпiштен үлгi алады. Ер азаматтар ертедегi азаматтардан үлгi алады. Ал, жалпы көрерменнiң пiкiрiне қарасақ, фильм көңiлдерiнен шыққан сияқты. Көрермен жақсы фильмге сусап қалғанын байқатты. Қазақтың бүгiнгi киносында келеңсiздiктер көп. Өтiрiк көп. Ұлттық намыс жоқ. Мәскеуден бiтiрiп келген жас кадрлер ұлт туралы ойламайды. Олар фильм түсiре бастағанда Канн фестивальдерiн, Берлин фестивалiн армандап отырады. Киноның бiр ғана мақсат-мүддесi бар. Ол отандық көрерменге ұнау керек. Ал шетелдiктерге ұнау, содан кейiн болатын нәрсе. Мәселен, Болливуд жылына жетi-сегiз жүздей фильм түсiредi дейдi. Бiрақ, олар өз фильмдерiн шет елге ұнау үшiн түсiрмейдi ғой. Қазақтың да режиссерлерi солай ойлауы керек. Қор болған қайран ақша! Үкiметтiң ақшасы, сiз бен бiздiң, яғни салық төлеушiлердiң қалтасынан алынып отыр ғой. Кино көрсетiлмей жатыр, жұмсаған шығынды ақтаған жоқ. Оларға бәрiбiр. Ол олардың жұмысы емес. Ол прокаттың жұмысы деп ойлайды.

– «Өзiн-өзi ақтамайды» деп жатырсыз ғой. Режиссерлерiмiздiң көбi: «ақша аз бөлiнедi, ақша жетпейдi» дегендi айтып жатады. «Бiржан сал» фильмiнiң қаржылық жағдайы қалай болды?

– Қаржы аз бөлiнбейдi. Қанша сұраса, сонша бередi. Түсiре алмайды. «Бiржан салдың» бюджетi титiмдей-ақ. «Махамбет» 11 млн.-ға түсiрiлсе. «Бiржан сал» бар-жоғы төрт миллионға ғана түсiрiлдi. Екеуiн салыстырып көрiңiз. Оның барлығы режиссердiң деңгейiне, шеберлiгiне байланысты.

– Фильмнiң жақсы болуы кiмге көбiрек байланысты? Сценарийге ме, режиссерге ме, әлде актерге ме?

– Бәрiне де байланысты. Сценарий керемет болып тұрып, режиссер нашар болып жатса, тағы болмайды. Режиссер мен сценарист мықты болып, актер ойлаған мақсаттан шыға алмай жатса, онда тағы болмайды. Ақселеу ағамыз: «Шәкен Айманов, Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалиннiң көзi кеткеннен кейiнгi киноның қырықжылдық тарихы – қорлық тарих» деген едi. Көрерменнiң арасында «Кино түсiре алмайды» деген пiкiр қалыптасқан едi. Ендi «Бiржан салдан» кейiн, ол пiкiр өзгердi. Неге? Әуелi адамда ұлттық мүдде болуы керек. Ұлттық намыс, ұлттық мүдде болған кезде, барлық дүние жақсы болып шығады.

Гүлзина Бектасова

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
b485c1bb 1e3b 433e 8723 ae466a297c2b

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа...
8b2fcaa2 5115 4b22 9423 fabb054e6a11

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек...
c709612a 9fc3 49aa a6db 08b9ead48a6f

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары...

Жаңалықтар

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...