“САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ҚОРЫ СТУДЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРЕДI

“САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ҚОРЫ СТУДЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРЕДI

“САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ҚОРЫ СТУДЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРЕДI
ашық дереккөзі
298

“Нұр Отан” ХДП Бюросы Саяси кеңесiнiң 2009 жылы 12-ақпандағы кеңейтiлген жиылысында Елбасының арнайы тапсырысына сәйкес, “Самұрық-Қазына” Қоры медициналық және техникалық мамандықтар бойынша ақылы түрде оқып жатқан үлгерiмi жақсы студенттерге қолдау көрсететiн болды.

Бұл мақсат бойынша “Самұрық-Қазына” Қоры 15 млрд.теңге көлемiндегi арнайы несиелiк желi ашады. Ол несие желiсi Қор арнайы келiсiм түзетiн банк-агентте болады.

Қазiр Қор мен министрлiк арасында Қазақстанның оқу орындарында оқитын студенттердi жеңiлдiкпен несиелеу арқылы қолдау үшiн ынтымақтастық меморандумының жобасы дайындалды.

Ол құжатқа байланысты, Бiлiм және ғылым министрлiгi студенттердiң ол талапқа сай болуын анықтау арқылы банк-агент пен оқу орнын байланыстырады.

Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев Үкiметтiң жиылысында айтқанындай, “жеңiлдетiлген несиеге үмiт артудағы негiзгi талап: оқу үлгерiмi жақсы болуы керек, бұған қоса, әлеуметтiк жағдайының беретiн әсерi бар. Яғни, жетiм, мүгедек балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан студенттер, немесе ата-анасы зейнеткер мен мүгедек болып табылатын студенттер жеңiлдетiлген несиеге үмiт арта алады”.

“Самұрық-Қазына” Қоры елдiң инженерлiк және медициналық активiн толықтыру үшiн ақылы оқу орындарында оқып жатқан үлгiрiмi жақсы студенттердi қолдау мақсатында оларды несиелеу үшiн банк-агенттi қаржымен қамтамасыз етуге шешiм қабылдады.

Серіктес жаңалықтары