СОФИЯ ЕРБОЛАТҚА ТӘНТI

СОФИЯ ЕРБОЛАТҚА ТӘНТI

СОФИЯ ЕРБОЛАТҚА ТӘНТI
ашық дереккөзі

Қазақстанның Болгариядағы елшiлiгi мен болгар шетелдiк өнер Галереясы бiрлесiп, София қаласының Ұлттық орталығында алғаш рет қазақ суретшiсiнiң шығармалары болгар жұртшылығының назарына ұсынылды. Қазақстан өнерiне еңбегi сiңiрген қайраткер Ерболат Төлепбайдың өнерi республикалық, бүкiлодақтық және халықаралық өнер сүйер қауымға етене таныс. Осы жолы белгiлi қылқалам шеберiнiң арнайы көрмесiнiң ашылу салтанаты Софияда болып өттi.

Болгар қауымына өз туындыларында майталман өнерпаз елiнiң өткенi мен қазiргi заманға сай тұрмыс-тiршiлiгiн бейнелеп, өз халқының терең философиясын, қазақ қоғамының рухани құндылықтары мен сезiмталдығын асқан шеберлiкпен көрсете бiлген. Қазақ суретшiсiнiң шығармашылық таным-түйсiгi, 50-ден астам туындаларда көрермендердiң назарына ұсынылды, осындай үлкен сурет өнерiнiң мерекесiн жылы қарсы алған болгар жұртшылығы, Қазақстанның қазiргi заманға лайық мәдениет үлгiлерiне тәнтi болып, шын ризашылықтарын бiлдiрдi.