ЖАС РЕЖИССЕРДIҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ

ЖАС РЕЖИССЕРДIҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ

ЖАС РЕЖИССЕРДIҢ ЖАҢА ТУЫНДЫСЫ
ашық дереккөзі
355

"Қазақфильм" акционерлiк қоғамы биылғы жылы көптеген жаңа жобалардың дүниеге келетiнiн айтып, көрерменiн қуантып жатыр. Сол жаңа жобалардың арасында жас режиссер Абай Құлбайдың "Стриж" кинокартинасы да бар. Жас режиссер Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының түлегi. Бұған дейiн де жас дарын "Алма" атты қысқаметражды фильм түсiрiп, сол фильмiне "Шәкен жұлдыздары" халықаралық кинофестивалiнде "Ең үздiк кинодебют" деген сыйлыққа ие болыпты. "Стриж" фильмi толықметражды жаңа фильм болмақ. Фильмнiң сценарийiн режиссердiң өзi жазыпты. Толық дайын болған фильмнiң монтаждау жұмыстарын жасау үшiн арнайы Германиядан қажеттi материалдарды алдыруда. Фильмнiң негiзгi сюжетi әзiрге құпия. Тек, бар бiлетiнiмiз, кинокартинаның көп көрiнiстерiн Алматыда түсiрiптi.

Фильмдi түсiруге мемлекеттен 20 млн. теңге бөлiнiптi. "Стриждiң" толық жұмысы алдағы сәуiр айында бiтпек. Ал, жаз айларында кинотеатрларда көрсетiле бастайды. Фильмнiң деңгейi қандай екендiгiн келешек көрсете жатар. Ең бастысы, жас талаптың алғашқы қадамына сәттiлiк тiлегiмiз келедi.

Серіктес жаңалықтары