Шалаевтың шатасқаны ма?
Шалаевтың шатасқаны ма?
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан бойынша департамент баспасөз қызметiнiң мәлiметi бойынша, Д.Шалаевты тұтқынға алған Астанадан келген чекистер екен. Ұзақ уақыттан берi оның артына түсiп жүрген чекистер нақты мәлiметтердi бұрыннан жинап жүргенге ұқсайды. Сенiмдi ақпарат көздерiне қарағанда, осы iске қатысы бар деген полицияның жоғарғы шендi бiрнеше офицерлерiне де айып тағылуда.
Полковниктiң үйiнде аса iрi көлемде есiрткi, миллионға жуық АҚШ доллары табылған.
Бүгiнде Д. Шалаев Шымкент қаласындағы уақытша тергеу абақтысында отыр. Өзiне тағылған айыптардың бәрiн жоққа шығаруда. Қорытындысы тергеу амалдары анықтағасын айтылады.
Тағы бiр бұрынғы полиция қызметкерiнiң қылмысы әшкереленiп, тергеу амалдары жүргiзiлуде. Шымкент қаласының тұрғыны болып келетiн ол 2002-2003 жылдары криминалды полицияның шұғыл техникалық бөлiмi бастығы қызметiн атқарып келген. Жоғары шендi полковник. Ол бiреулерге қолдан құрастырылған миникамера, дыбыс жазуға және хабар беруге арналған арнайы құрал-жабдықтар сатқан болып шықты. Қазiр оның үстiнен де қылмыстық iс қозғалып, тергеу жүруде.
Балтабек ТYЙЕТАЕВ