Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін бірден өртеніп кетті

/
Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін бірден өртеніп кетті
видеодан скриншот

Бразилияда танымал әнші Рей Вакейро мінген ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, кейін өртеніп кетті. Бортта сегіз адам болған, олардың барлығы эвакуацияланып үлгерген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 13 қыркүйекте Риу-Гранди-ду-Норти штатындағы Парельяс әуежайында болған.

Sahara Reporters мәліметінше, Cessna 550 Citation Bravo ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Артынша өрт тұтанып, жалын ұшақтың екі қозғалтқышын да шарпыған.

Бортта әнші Рей Вакейроны қоса алғанда сегіз адам болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері ұшақтан дер кезінде шығып үлгерген. Кейбір адамдар жеңіл жарақат алғанымен, ауыр зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өртсөндірушілер жалынмен бірнеше сағат бойы күрескен. Соған қарамастан ұшақ толығымен жанып кеткен.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан қонғаннан кейін жалынның ұшақтың алдыңғы бөлігіне жайылғанын көруге болады.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы – CENIPA зерттеп жатыр. Мамандар ұшақтың неліктен ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін және өрттің шығу себебін анықтауы тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары