Ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі жарияланды

/
Ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі жарияланды
kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип 2026 жылғы қыркүйек пен қазан айларында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына қатысатын футболшылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдағы кезеңде Қазақстан құрамасы төрт кездесу өткізеді. 26 қыркүйекте ұлттық құрама сырт алаңда Фарер аралдарымен ойнаса, 29 қыркүйекте Словакия құрамасымен кездеседі.

Одан кейін команда елге оралып, 2 қазанда Молдованы, 6 қазанда Фарер аралдарын қабылдайды.

Құраманың соңғы тізіміне 28 футболшы енді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Қайрат»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).

Команданың бапкерлер штабын Джон ван ’т Шкип басқарады. Оған Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов көмектеседі. Қақпашылар бапкері – Юрий Новиков, ал дене даярлығына Вадим Боровский жауап береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары