Әнші Мадина Сәдуақасова туған күніне алған сыйлықтарын көрсетіп, неке жүзігіне қатысты қызықты жайтты бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Олжас Смағұловтың өзіне жаңа неке жүзігін сыйлағанын айтты.
"Күйеуім Олжас неке жүзігін сыйлады. Көбі менен неліктен неке сақинасын тақпайтынымды сұрайды. Мен оны 10 жыл бұрын жоғалтып алғам. Күйеуім қайта сыйлап отыр. Алайда саусақ өлшемін дұрыс таппаған, неке жүзігі үлкен болып тұр. Енді тағы да алып беретін болды", – деді әнші.
Мадина Сәдуақасова бұрынғы неке сақинасын он жыл бұрын жоғалтып алғанын айтып, содан бері оны тақпай жүргенін түсіндірді.
Айта кетейік, биыл 47 жасқа толған әнші Олжас Смағұловпен 2014 жылдан бері некеде.