Шаршаған такси жүргізушісіне демалуға мүмкіндік берген жолаушы рөлге өзі отырған

/
Шаршаған такси жүргізушісіне демалуға мүмкіндік берген жолаушы рөлге өзі отырған
NDTV

Үндістанда такси жолаушысы шаршаған жүргізушіге демалуға мүмкіндік беріп, көлікті өзі басқарған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

NDTV мәліметінше, Шивам Мишра Ноида қаласынан Лакхнауға бару үшін қалааралық таксиге тапсырыс берген. Жол барысында ол жүргізушінің қатты шаршағанын және алдыңғы күннен бері дұрыс демалмағанын байқаған.

Жолаушы шаршаңқы күйде көлік жүргізудің қауіпті екенін түсініп, таксистке сапарды жалғастыруды талап етпеген. Оның орнына жүргізушіге артқы орындыққа ауысып, біраз ұйықтап алуды ұсынған.

Содан кейін Мишра рөлге өзі отырып, жолды жалғастырған. Ал оның жанындағы алдыңғы орындыққа бауыры отырған.

Оқиға түсірілген видео кейін Instagram желісінде жарияланып, көпшілік арасында тез тарады.

"Әр адамға мейірімділік танытыңыздар", – деп жазды Шивам Мишра видеоға.

Ол мұндай жағдайда адамға ашуланудың немесе одан қызметін жалғастыруды талап етудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Әлеуметтік желі қолданушылары жолаушының әрекетін жоғары бағалап, оның шешімі жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға көмектескенін жазды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары