Головкин-Альварес кездесуі: «Канелоны» кім алмастырады?

5 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда бұл жекпе-жек мексикалықтың қанынан кленбутерол табылуы салдарынан өтпей қалуы мүмкін. 

Sports.kz порталының хабарлауынша, Головкиннің командасы өз шәкіртіне өзге қарсылас іздей бастады. Бұған дейін Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда рингке шығуға дайын екенін жария еткен еді. Енді Головкинге атағы шыға қоймаған мексикалық Джейми Мунгия (28-0, 24 КО) қарсылас атануы мүмкін екені анықталды.  21 жастағы боксшының бірде-бір атақты қарсыласы болмаған.

«Головкиннің командасы О’Салливан жайлы айтып жатқанын естіп қалдым. Сондай-ақ Джейми Мунгияға ұсыныс жасалды», —  деп инсайдер Дэн Рафаэлдің сөзінен үзінді келтірген Boxingnews24.

 

Back to top button