Қазақ жігіттеріне тұрмысқа шыққан өзбек қыздарының саны артқан

2015 жылдан бері қазақстандық жігіттерге күйеуге шыққан 3 мың шетелдік қыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі. 

2015 жылы 2474 өзбекстандық қыз Қазақстан азаматы атанса, 2016 жылы 1358, 2017 жылы 1350 азамат тіркелген.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2015-2017 жыл аралығында 5 811 шетелдік қыз-келіншек Қазақстан азаматтарына тұрмысқа шыққан. Олардың көбі өзбекстандық әйел адамдар.

Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында Ресейдің әйел азаматтары тұр.

Сонымен қоса, Армения, Тәжікстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарымен құда болған қазақстандықтардың да саны аз емес.

Back to top button