Елімізде көлік өндірісінің көлемі артпақ

Елімізде көлік өндірісінің көлемі артпақ

Елімізде көлік өндірісінің көлемі артпақ
ашық дереккөзі
354
2018 жылы  елімізде көлік өндірісінің көлемі артады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана арнасы. Арна тілшілерінің хабарлауынша, Қостанайдағы  «СарыАрқаАвтопром» кәсіпорны өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп темір тұлпар құрастырғалы отыр. Ал Өскемендегі «Азия Авто» зауыты Қытайға 3500 көлік  экспорттауды көздейді. Қостанай зауыты биыл 9 мың көлік шығаруды көздеп отыр. Оның 93 пайызы жеңіл автокөлік болса, жеті пайызы – автобустар мен арнайы техникалар. Кәсіпорын электромобиль легін де еселеп, оның санын 500-ге жеткізуді жоспарлауда. «СарыАрқаАвтопром» 8 брендтен тұратын 50-ден астам көлік модельдерін шығарады. Өткен жылы зауытта жасалатын Jack маркалы  автокөлік ең көп сатылған автолар тізімінде болған. Жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылған, логистикалық инфрақұрылымы сақадай сай өндіріс орнында биыл көлік шығару көлемі 50 пайызға артады, дейді кәсіпорын басшылары. «Jack s 3 маркалы көліктің өтімділігі жоғары болды. Биыл да осы темір тұлпарға сұраныс артады деп отырмыз. Тәжікстан еліне 1 мыңдай көлік өткізу туралы  келісім бар. Алғашқы легі 2017 жылы жөнелтілді. Қалғанын биыл жібереміз», – дейді «Сарыарқаавтопром» ЖШС директорының орынбасары Сергей Могилатов. Қазақстанда жасалған көліктерге көрші мемлекеттерден де сұраныс көп. Құнына сапасы сай келетін отандық өнімге Қытай секілді алпауыт елдің де ерекше қызығушылығы бар көрінеді. 2017 жылы қытайға 1 мың Нива автокөлігі саудаланған. Биылғы жоспар – 3500. Компания қазіргі кезде Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия мен Армения нарығын игере бастады. Тіпті көліктердің алғашқы легін сынақтан өткізу үшін жөнелтіп жіберген. Шығыстағы «Азия Авто» зауыты былтыр 11500 авто шығарған. Биыл өндіріс көлемін арттырып  20 мыңға дейін жеткізбек. Ал мемлекеттің  ескі көлікті тапсыруға арналған  және  жеңілдетілген автонесие беру бағдарламалары отандық көлік өндірісінің көкжиегін одан әрі кеңейте түсті.

Серіктес жаңалықтары