Демалыс күндері 33 адам газдан уланған

Демалыс күндері 33 адам газдан уланған

Демалыс күндері 33 адам газдан уланған
ашық дереккөзі
502
Демалыс күндері республика бойынша 33 адам, оның ішінде 25 бала улы және табиғи газдан уланып, 1 адам көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасай отырып 24.kz арнасы хабарлайды. Арнаның хабарлауынша, өткен жылы жылыту маусымында уланғандар саны 150-ге жуықтап, 24-і естерін жимады. Мамандардың дерегіне сәйкес, адамдардың көбі түтіндіктің бекітілуі салдарынан көз жұмған. Өрттерде адамдардың қаза болуына жол бермеу, азаматтардың жеке мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту мақсатында Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімше қызметкерлері халық арасында үгіт-насихат, профилактикалық жұмыстар мен рейдтік шаралар жүргізіп келеді. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын адамдардың тұрғылықты жерлерінде өткізілген рейдтердің саны 7,3 мыңды құрады. ТЖД қызметкерлері жергілікті полициямен бірге 3 мыңнан астам рейд өткізді. Оқу орындарында 277 интерактивтік сабақ ұйымдастырылып, 112 мыңға жуық оқушы қамтылды. Ұйымдардың қызметкерлерімен 7 мыңға жуық нұсқаулық дәріс өткізілді.  

Серіктес жаңалықтары