Теміртау билігі жаңа жылда шаһарды безендірген фирманы сотқа берді

Теміртау билігі жаңа жылда шаһарды безендірген фирманы сотқа берді

Теміртау билігі жаңа жылда шаһарды безендірген фирманы сотқа берді
ашық дереккөзі
445
Теміртау билігі қаланы жаңа жыл мерекесіне орай безендірген фирманы сотқа берді, – деп хабарлайды КТК арнасы. Шенділердің сөзіне сенсек, аталған іс бойынша тендерді жеңіп алған мекеме шаһарға шыршаларды орнату жұмыстарын кешіктірген. Теміртауды мерекеге дайындауға қатысты тендерді астаналық фирма қараша айының аяғында жеңіп алған. Олар қалаға 12 метрлік екі шырша орнатып, орталық көшенің 8 жеріне түнде жанып тұратын мүсіндер ілуі керек болған. Алайда бұл жұмыстар желтоқсанның аяғына дейін созылып кетіпті. Ал соңғы мерзім 25-ші желтоқсан деп белгіленген екен. Алайда шыршалар әупірімдеп жүріп, желтоқсаннның 28-інде ғана тұрғызылыпты. Оған жергілікті әкімдік 9 миллион теңге төлеген. Ал фирмадағылардың мүсіндерді орнатуға тіпті уақыттары қалмапты. «О бастан-ақ істері өнбей, жұмысты кешіктіре бастады. Бірнеше рет кездесіп, себебін де сұрадым. Астаналық мекеме болған соң шыршаны жеткізудің қамын ертерек ойлаулары керек еді. Ақыр аяғы 2 миллион 800 мың теңге игерілмеді. Осыған байланысты сотқа беруге мәжбүр болып отырмыз», –  дейді Теміртау қаласы ТКШ бөлімінің басшысы Низами Гаджиев.

Серіктес жаңалықтары