1268
«Тұлпар Тальго» жаңа қарқынмен жұмыс істемек
«Тұлпар Тальго» жаңа қарқынмен жұмыс істемек
«Тұлпар Тальго» жаңа қарқынмен жұмыс істеуге кірісті, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Арнаның хабарлауынша, жолаушылар вагонын құрастыратын зауыт биыл 91 вагон шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы депутаттарының өндіріс ошағын аралау барысында мәлім болды.
Басты мақсат – өндіріс қуаттылығын арттыру. Өндіріс орнының басшыларының айтуынша, ірі табысқа кенелу мақсатында зауыт экспорттық тапсырыстарды орындауға да көшіп жатыр. Әзірге Өзбестанмен және Иранмен тиісті келісімдер жасалған. Сондай-ақ, вагон өндірісін жаңғыртып, сапасын арттыру жоспарда бар.
«Қазақстан экономикасын дамыту үшін, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейту үшін, қауіпсіздік сақтау үшін, қорғанысты қамтамасыз ету үшін, осы үлкен 9-шы әлемдегі сақтап тұру үшін біз теміржолдарды, автожолдарды дамыта беруіміз керек. Осыған Елбасының «Нұрлы жол» деген бағдарламасы бар, бағытталғаны бәрімз білеміз. Осы бағдарлама аясында үлкен жұмыстар салып жатыр», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Мәулен Әшімбаев.