Головкин «Жыл боксшысы-2017» тізіміне енбеді

Головкин «Жыл боксшысы-2017» тізіміне енбеді

Головкин «Жыл боксшысы-2017» тізіміне енбеді
ашық дереккөзі
GGG «Жыл боксшысы-2017» тізіміне кірмей қалды. Белгілі boxingscene.com сайты «Жыл боксшысы-2017» аталымының жеңімпазы мен үміткерлері тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Басылымның пікірінше, жылдың үздік боксшысы аталымына британиялық супер ауыр салмақ өкілі Энтони Джошуа лайық болды. Геннадий Головкин де, Сауль Альварес те бұл сыйлыққа ілінбей қалды. Кандидаттар арасында Теренс Кроуфорд, Майки Гарсия, Василий Ломаченко және Срисакет Сор Рунгвисаи сияқты боксшылар болды.