Мөлдір суға мұқтаж болмау

Сондай-ақ!

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатыры өртенді. «Өрт тұрғын үйдің...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған дерекке сүйенсек, республика бойынша қауіпті «қызыл аймақ» санатындағы өңір Шығыс Қазақстан облысы...

Тергеуші 27 мың доллар пара алған

Алматыда 27 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталған тергеушіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару...

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. тілшісі. Колледжде оқитын...

Уақыт өткен сайын әлемде ауыз су тапшылығы ушығып барады. Статистикаға сүйенсек, дамушы елдерде ауру-сырқаудың 80 пайызы ішкен судың сапасыздығынан болады екен. Жыл сайын лас су тұтынған 3 млн адам көз жұмады. Күн сайын 5 мың бала диареядан қайтыс болады. Бұл – 17 секунд сайын жер бетінде 1 бүлдіршін лас су ішкеннен өлім құшады деген сөз. Мемлекеттің басты капиталы – адам. Сондықтан  еліміздің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. 

Мемлекет тарапынан жүйелі көңіл бөлініп, еліміздің барлық өңірінде «Ауыз су», «Ақ бұлақ» секілді бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында бүгінде ауыл халқының 80,3 пайызы немесе 6,2 млн қазақстандық ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы жуырда ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов «Елдi мекендердi сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбындағы парламенттiк тыңдауда айтқан болатын.

«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аса маңызды. Сондықтан бұл тақырып Үкіметтің, жергілікті биліктің күн тәртібінен түскен емес. 2002 жылы «Ауыз су» бағдарламасы қабылданып, 2010 жылға дейін жүзеге асты. Нәтижесінде 3 417 елді мекендi немесе 3,9 млн халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасалды. Тасымалды суды пайдаланатын тұрғындардың саны 445 мың адамнан 123 мың адамға немесе 3,5 есеге азайды. 2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданды, ал 2015 жылдан бастап «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде «Ауыз су» жобасы іске асырылып жатыр», – дедi Мырзахметов.

Министр соңғы 15 жылда атқарылған жұмыстың қорытындысына тоқталды. Оның мәлiметiнше, биылғы жылдың қыркүйек айында ауылды елді мекендердегі халықтың 80,3 пайызы немесе 6,2 млн адам, қала тұрғындарының 92,9 пайызы немесе 9,5 млн адам, жалпы республика халқының 87,5 пайызы немесе 15,7 млн адам ауыз сумен қамтылып отыр.

Ауыз сумен қамтылған тұрғындардың үлесі бойынша Алматы облысы өзге өңірлерден көш ілгері. Жетісу өзен мен көлге бай өлке болғандықтан, ауыз су мәселесі мұнда алғашқы орында. Аймақтағы барлық ауданды 2020 жылға дейін 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарланған.

Бүгінде облыстың 622 елді мекені 83,9 пайыз орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау саласы бойынша 4 жаңа жоба іске асырылуда. Оның екеуі Ақсу, Кербұлақ аудандарында және 2 жоба Талдықорған қаласында.

«Республика бойынша Алматы облысы ауыз сумен қамту бойынша бірінші орынды алып отыр. Көрсеткішке сүйенсек 83,7 пайыз. Ауыз сумен қамтуда кәріз жүйесі үлкен рөл алады. Кәріз жүйесі облысымыздың 58 елді мекенінде бар. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту ғимаратының құрылысын қайта жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту құрылысы қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны іске асыру үшін жеке меншік капитал тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – дейді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Қанағатов.

Жыл соңына дейін облыстың 18 ауылдық елді мекеніне орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесі қарастырылған. Олардың сумен жабдықтау жүйелерінің үлесі 86,4 пайызды немесе 640 елді мекенді құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысына келсек, аймақтағы ауылдардың 73 пайызы ауыз сумен қамтылған. Ал қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Бұл туралы жуырда облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім еткен еді.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамытудың – 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін қала тұрғындарының 97 пайызын, ауылдық елді мекен халқының 62 пайызын орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы бағытта, 2011-2016 жылдары 73,9 млрд теңгеге 268 нысанның құрылысы жүргізіліп, 178 елді мекендегі 469 мың адам жаңа орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылған.

– Халықты ауыз сумен қамту бойынша біздің облыстың көрсеткіші республикада қалалар бойынша 92,9 пайыз, елді мекендер бойынша 55,6 пайызды құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша қалалар арасында 9 орынға, ауылдық елді мекендер арасында 4 орынға орналасып, бағдарламадағы 2020 жылға межеленген көрсеткіш мерзімінен бұрын, артығымен орындалып отыр, – дейді Марғұлан Марайым.

 

Биылғы жылы өңірде республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су құбырларымен қамтылса, 3 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылатын болады. Қалған 17 елді мекендегі құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ.

Қызылорда облысында да тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша аймаққа республикалық бюджеттен 8 млрд теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржыға 21 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың 10-ы биыл аяқталады. Атап айтсақ, Қазалы (Байқожа елді мекені), Сырдария (Мәлібаев елді мекені), Шиелі (Жөлек, Алмалы, Тәжібаев елді мекендері) аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы (Ақжарма, Абай, Айнакөл елді мекендері) жобалар бар. Нәтижесінде 10,5 мың адам тұратын 8 елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Қазірдің өзінде өңірде таза су тұтынып отырған халықтың үлесі артқан. Мәселен, Қармақшы ауданында елді мекендердің 99,8 пайызы ауыз сумен қамтылды. Аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың айтуынша, биылғы жылы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн теңге қаралған. Қазіргі таңда «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» бойынша барлығы 1364 үйге ауыз су құбыры кіргізілген. Барлығы 18 ірі елді мекендерде толықтай ауыз су мәселесі шешілді.

Таза судан таршылық көріп келген Шығыс Қазақстан тұрғындарының да мәселесі шешімін табуда. Әсіресе, Аягөз ауданында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету қарқын алды. Жуырда мыңға тарта тұрғыны бар Қарағаш ауылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша сапалы тіршілік нәріне қол жеткізді. Осы ауылда ұзақ жылдан бері тұратын Бикамал Байысованың қуанышында шек жоқ. «Ең бірінші мұқтажымыз ауыз су еді. Бұрын ылғи ащы су ішетінбіз. Ауылымызға су тартылып, бәріміздің арманымыз орындалды. Ауыз су ауылдағы барлық шаңыраққа кіргізілді. «Аристон» орнатып, жылы сумен қол жуатын болдық. Мұндай игілікке қол жеткізгенімізге қуаныштымыз», – дейді ол.

Жыл соңына дейін ауданда тағы 3 ауыл таза сумен қамтамасыз етілмек. Ал Аягөз қаласының су құбырлары мен жабдықтау нысандарын жаңғыртудың төртінші кезеңі де жыл соңына дейін аяқталады. Аудандағы шағын ауыл тұрғындарының да өтініші ескерусіз қалмайды. Оларды сапалы ауыз сумен қамту үшін ұңғымалар қазылып, түйткілдер оң шешімін таппақ.

«Ауданда 5 жоба жүзеге асырылуда. Оның біреуі мемлекеттік сараптамадан шықты, енді төртеуі жылдың аяғына дейін шығуы керек. Бұған жалпы тартылған инвестиция көлемі 3 миллиард теңгені құрайтын болады. Осы 5 жобаның сәтті жүзеге асырылуы ауданның сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 58 пайызға жеткізбек. Осы бағытта атқаратын жұмыстарды тоқтатпай, 2020 жылы елді мекендерді таза сумен толық қамтамасыз етеміз», – дейді Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов.

Өңірлерді ауыз сумен қамтығаннан кейінгі өзекті мәселе – оны тиімді пайдалану, «судың да сұрауы бар» екенін естен шығармау. Өткен аптада өткен елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауда Нұрлан Нығматулин осы мәселеге айрықша тоқталып, қолда бар байлығымызды сақтауға шақырды.

«Біздің депутаттарымыз тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасап, бюджеттен қосымша қаражат бөлуге ерекше ықпал етті. Сондықтан ауыз су мәселесін шешуге мемлекет жыл сайын керек қаржы бөледі. Ендігі мәселе оны тиімді пайдалану, ал ол үшін барлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, суды пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осыған орай жерасты суларын пайдалануға қатысты нақты жоспар жасап, ауылдарда жаңа су құрылыстарын қолға алу керек. Осының барлығы ауыз су мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді», – деді төраға.

Бұдан бөлек, Нұрлан Нығматулин халық арасында суды үнемдеп пайдалану бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізудің маңызына тоқталды. «Судың да сұрауы бар» дегендей, бір тамшы суды бағалап, қолда барымызды сақтау – баршамыздың ең үлкен міндетіміз», – деді ол.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
қазақстандық боксшы

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF...
өрт

Моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған

Таразда моншадан шыққан өрт жапсарлас үйге, дәмхана мен дүкенге дейін жайылған. Кеше Тараз...

«Қызыл аймақ». Шығыс Қазақстанда індет күннен-күнге өршіп барады

Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус індеті анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Ресми портал ұсынған...
27 мың доллар

Тергеуші 27 мың доллар пара алған

Алматыда 27 мың доллар сомасында пара алды деп айыпталған тергеушіге қатысты сот...
Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...