Әр қазақстандық криптовалютаның игілігін көре алады

Бұдан былай әрбір қазақстандық криптовалютаның игілігін көре алады. Еліміздің қаржы нарығындағы жаңа инвестициялық өнім шынайы қаражатпен қамтамасыз етілген және ол Еуропалық одақ заңы аясында қадағаланады.

Сонымен қатар, аталмыш «жәшікке» биткоиннан бөлек, 4 басқа валютаны қосуға болады. Бірақ әзірге есептесу еуро, доллар және рубль валютасымен жүзеге асады. Ал «келер жылдан бастап есеп айыру теңгемен де қолжетімді болады», – дейді қаржыгерлер. Өз қаражаттарын электронды түрде сақтап, пайда табам деушілерге де кеңес беріледі, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Бізге жүгінген тұтынушыларымызға жанжақты түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Стратегия ойластырып, криптовалютаны қай кезде сатып алып, қай уақытта сату керектігін де үйретеміз. Осылайша олар қосымша пайдаға кенеледі. Қазірдің өзінде елімізде осы жүйеде жұмыс істейтін 40-қа жуық инвесторларымыз бар», – деді Инвестициялық компанияның қаржы директоры Темірлан Иманбаев.

Қазір Қазақстанның қор биржасында ірілі-ұсақты 108 инвестор тіркелсе, олардың бес мыңға жуығы нарықта белсенді. Брокерлердің болжамынша бұл сандар келер жылы екі есеге артуы мүмкін. Айта кетейік, өткен айда «Астана» халықаралық қаржы орталығы шетелдік инвестициялық компаниямен Қазақстандағы криптовалюта активтерін дамыту туралы арнайы келісімге қол жеткізген еді. Келісім аясында жаңа криптоактивті қаржыландыру шамамен 2-3 миллиард еуроны құрамақ.

«Еуропалық лицензия арқылы, инвестор биткоинды еш қиындықсыз сатып ала алады. Еуроодақ қадағалау жүргізетін арнайы бағдарламаны да алса болады. Осы арқылы олардың салықтық есептері айқын көрінеді. Өйткені биткоин нарықтық қор құрылымы арқылы қолдау табуда», – деді Еуропалық инвестициялық компанияның вице-президенті Гунтарс Пупелис.

Back to top button