Зиянды төмендетіп, өмірлерді сақтау

Таяуда  Қазақстандағы мектеп оқушыларын тамақтандыруды мемлекеттік деңгейде шешу қажеттігінің мәселелері талқыланды. 

«Аман-саулық» қоғамдық қоры мен Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU) кіші буын сыныптарының оқушыларын тамақтандыру және жұқпайтын аурулардың қауіпті факторларының пайда болуына әкеліп соғуына жол бермейтін  тамақтану дағдыларын қалыптастыруға арналған  баспасөз конференциясын өткізді.

«Аман-саулық» қоғамдық қорының Президенті Бахыт Түменова, академик Төрегелді Шарманов және ALMAU ректоры Қожахметов Асылбек конференция аясында қазақстандық оқушыларды тамақтандыру мен олардың артық салмағы, сонымен қатар салауатты өмір салты жолымен зиянды барынша төмендету мәселелерін талқылады.

«Аман-саулық» қоғамдық қорының Президенті Бахыт Түменова артық салмақ мәселесі ары қарай  қазақстандық оқушылардың жас буынына әлеуметтік қауіп төндіруін туындатпау мақсатында, олардың саламатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру жөніндегі бағдарлама әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Ол үшін мемлекеттік деңгейде ауқымдырақ зерттеу жүргізіп, деректердің негізінде оқытушыларға арналған әдістемелік материалдарды әзірлеу қажет. Мектеп асханаларының тамақтандыру сапасының мониторингіне мектептің ата-аналар комитеттері мен салалық БКҰ-н (беймемлекеттік кәсіподақ ұйымдарын) белсенді түрде тарту қажет. Балалардың денсаулығына қатер төндіретін факторлар туралы ақпараттық және ағарту материалдарын әзірлеп, тарату қажет. Салауатты тамақтану мәселелерін балаларға танымал түрде түсіндіре алатын арнайы ақпараттық ресурстарды өңдеу және алға тарту қажет. Мемлекет салауатты өмір салтының саясатын қалыптастыру мақсатында зиянды тамақ азық-түліктердің өндірілуіне қарсы іс-әрекет жасауы тиіс, себебі ұлт денсаулығын сақтау біздің қолымызда», – дейді Бахыт Түменова.

«Аман-саулық» қоғамдық қоры 2017 жылдың 27 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында кіші буын сыныптары ата-аналарының арасында зерттеу жүргізді. ALMAU университеті 1 курсының 30 студенті Алматы қаласының 30-дан астам жалпы білім беретін мектептерінің мақсатты аудиториясында зерттеу сауалнамасын жүргізді.

Сауалнамаға кіші буын сыныптарының ата-аналары қатысты: бірінші сынып оқушыларының ата-аналары – 19%,  екінші сынып оқушыларының ата-аналары – 27%, үшінші сынып оқушыларының ата-аналары – 31% және төртінші сынып оқушыларының ата-аналары – 23% құрады. Бұл ретте ұл және қыз балалардың ата-аналар саны тең түсті: 50,2% – ұлдардың және 49,8% – қыздардың ата-аналары.

Ата-аналардың 60%-на жуығы өз балаларының мектеп асханаларында тамақтанатынын растайды.  Олар мектеп асханалары тағамдарының айтарлықтай дәмділігін (24%), арзандығын (24%) және ата-аналардың уақытын үнемдейтінін атап көрсеткен. Олардың 5%-ға жуығы мектеп тағамы   айтарлықтай салмақты екендігін атаған болса, 23%-ы мектеп тамағының пайдалы болып табылатынына сенімді көзқарас білдірген.

 Зерттеу барысында алынған деректерге сәйкес сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 59%-ы мектеп асханаларының тағам сапасына қанағаттанатынын атап көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 25%-на жуығы мектепте тамақтану мәселесі ата-аналар жиналысында талқыланбайтынын көрсетсе, олардың 43%-ы ата-аналар комитеті мектеп асханаларындағы тамақтандыру сапасын ешқалай  қадағаламайды деп санайды.

Дегенмен ата-аналардың 40%-на жуығы балалардың мектепте тамақтануына қарсы көзқарастарын білдірген. Мектеп тағамына қойылатын негізгі наразылық – дәмсіз (43%),  біркелкі (21%) және теңгерімсіз (19%). Сонымен бірге ата-аналардың 10%-ы тағамдардың негізсіз қымбаттығына наразылықтарын білдіреді. Тағы 7%-ға жуығы мектеп асханалары қызметінің нашарлығына және, ата-аналардың көзқарасы бойынша, зиянды азық-түліктерге шағымданады.

 

Мектеп тамағына көңілдері толмайтын 50%-ға жуық ата-аналар оқушыларға тамақты өздерімен бірге алып жүргендерін қалайды. Сонымен қатар ата-аналар жиі жағдайда (26%) тамақтың орнына ақша береді және олардың тағы 24%-ы баласының үйде тамақтанатынын алға тарта отырып, балалардың мектепте тамақтануына мүлдем тыйым салады. Бұл ретте сауалнама алынған тұлғалардың 77%-ы оқушылардың мектепке алып келетін азық-түлік жинағын ешкімнің реттемейтінін (оқытушылар құрамы мен әкімшілік) және салауатты тамақтану туралы ешқандай нұсқаулардың берілмейтінін растайды.

Мектепке баратын балаға ата-аналары қандай азық-түлік береді? Балғын жеміс-жидектер (28%), қышқыл-сүт өнімдері – йогурт пен сүзбе (13%), кепкен жеміс-жидектер мен жаңғақтар (9%) және суды (20%) пайдалы тағамға жатқызуға болады. Дей тұрғанмен, ата-аналардың 23%-ы балаларына кең тараған «үй фаст-фуды» – бутербродтарды беріп жібереді. Ал берілетін жеміс-жидек шырындары – 15%, піскен тәтті қамыр бұйымдары –  -15%, шоколад – 9%, конфеттер – 8%, тәтті газдалған сусындар – 4%. Ата-аналардың тек  2%-нан кемі балаларына үй тамағын беретін болса, осы үй тамағының жартысына жуығын «үй фаст-фуды» – қантсыз бәліш немесе пиццалар құрайды. Осы ретте сауалнама 2017 жылдың 27 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында, яғни балғын жеміс-жидектердің ең төмен бағалы кезеңінде жүргізілгенін ескерген жөн. Сондықтан азық-түлік жинағы жыл мезгіліне қарай өзгеруі мүмкін.

Сауалнамаға қатысқан және оқушылардың тамақтануына ақша беретін ата-аналар санының 31%-ы осы шығындарын ешқалай қадағаламайды. Әдетте, шығындарын бақылайтын респонденттер көмірсудың үлкен  құрамы бар азық-түліктерді – пісірілген тәтті нан бұйымдарын, – шоколад пен газдалған сусындар мен жеміс-жидек шырындарын балаларының сатып алуына тыйым салады.

Сауалнамада басқалардан бөлек оқушылардың газдалған тәтті сусындарды пайдалануы жайлы сұрақ берілді.  Сұралғандардың ширегіне жуығы (24%) балаларына ешқашан газдалған тәтті сусындарды сатып әпермейтіндерін атаса, 42%-ы айына бір реттен көп әперетіні, ал тағы 26%-ы балаларына аптасына 1 реттен асырмай газдалған тәтті сусын ішуге рұқсат беретіндері және тек 8%-ы ғана газдалған тәтті сусындарды күнде сатып әперетіндері жайлы атап көрсеткен.

 

 

 

Back to top button