Павлодарда қырманнан астық ұрланды

Павлодарда қырманнан астық ұрланды

Павлодарда қырманнан астық ұрланды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында кәсіпорын жүргізушісі қырманнан үш тонна астық ұрлаған. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың сайтына сілтеме жасап. Шарбақты аудандық соты «П.» ЖШС жүргізушісінің астық ұрлауына қатысты қылмыстық іс қозғады. 2017 жылдың 30 қыркүйегінде шамамен сағат 06.50-де айыпталушы «Зил 130» көлігімен ЖШС-ның астық қоймасы аумағына келіп, бункерден көлігінің шанағына үш тоннадай бидай тиеген. Бақылау-өткізу бекетінен еш кедергісіз шыққан ол астықты өз үйінің ауласына түсірген. Айыпталушы «П.» ЖШС-на 117 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ол сотта кінәсін толықтай мойындады. Сот жүргізушіні ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (тонау) бойынша кінәлі деп танып 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.