Әлемдегі ең қымбат қала анықталды

Әлемдегі ең қымбат қала анықталды

Әлемдегі ең қымбат қала анықталды
ашық дереккөзі
Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қала анықталды, деп хабарлайды «Қазақпарат». Сарапшы мамандардың саралауынша, әлемдегі ең қымбат мегаполис ретінде Сингапур танылыпты. 160 тауар түрі мен қызметті қарастырған сарапшылар осындай шешім шығарған. Атап айтар болсақ, азық-түлік, киім-кешек, үйге қажетті тауарлар, косметика, пәтерді жалға алу, көлік шығындары, мектеп пен балабақша ақысын есепке алғандағы әлемдегі ең қымбат он қала анықталды. Қымбат қалалардың көпшілігі – азиялық шаһарлар. Қымбат қалалар тізімінде алғашқы орынға Сингапур жайғасса, екінші орын – Гонконгке, үшінші орын – Швейцария мемлекетіндегі Цюрих қаласына бұйырыпты. Одан кейінгі орындарға Токио мен Осака еншілеген. Сарапшылардың есебі бойынша қымбат қалалар тізіміне Еуроаймақтан тек Франция астанасы – Париж ғана еніпті. Париж қымбат шаһарлардың ондығын түйіндеп тұр. «Қазақпараттың» жазуынша, Сингапур қатарынан төртінші жыл ең қымбат шаһар ретінде бағаланып отыр. Аталмыш қалада киім мен автомобиль құны тым жоғары екен.