Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру
ашық дереккөзі
393
Сұрақ: – Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде қандай да бір жеңілдіктер бола ма? Жауап: – Зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер үшін салымдар төлеген кезде жеңілдіктер қарастырылмаған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң барлық жұмыс істейтін халық үшін жарналардың бірыңғай көлемін орнатты. Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің жарналары: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы көлемінде орнатылады. – Медициналық сақтандыру қорында экономикалық ахуалдың төмендеу жағдайына резервтерді қалыптастырудың дағдарысқа қарсы сценарийі бар ма? – Экономикалық жағдайдың қиындай түсуі кезінде Қор: – ағымдағы қаржы жылынан екі жыл бұрынғы экономика бойынша орташа айлық жалақыдан экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекет аударған жарналарды қарастыратын контрциклдік шараларды қолданады. Дағдарыс кезеңдерінде бұл, жұмыс берушілерге қарағанда, бюджетке неғұрлым жоғары деңгейлі жарналарды қамтамасыз етеді; – жоспарланбаған шығыстарға резервтер Қор активтерінің 3 пайызына дейінгі көлемде  қалыптастырылады. – Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражатын әртүрлі қатерлерден, ең алдымен инфляциядан қорғау қарастырылған ба? – Біріншіден, «ұзын ақшасы» бар және сақтауды қамтамасыз етуді талап ететін басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесінен айырмашылығы әлеуметтік сақтандыру қорында қаражаттар жиналмайды, олар медициналық ұйымдар күнделікті көрсететін қызметтерді төлеуге бағытталады. – Екіншіден, медициналық қызметтер бағасының өсуі экономикалық белсенді тұрғындардың жарналарының есебінен өтеледі. Себебі олардың табысында инфляция деңгейі қамтылған. – МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қадағалай аламын ба? – Электрондық денсаулық сақтау жүйесі базасында әрбір сақтандырылған азамат өзінің  логині және құпия сөз арқылы жеке кабинетіне кіре алады, онда көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпаратты қадағалауға болады, сондай-ақ, ол жерде емделу барысы, диагностика, дәрігерлердің қабылдауы және т.б. туралы мәлімет орналасады – Қордың шығындары бойынша ақпарат халық үшін қаншалықты айқын болады? – Қазіргі таңда, жаңа модельде қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі қарастырылған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің айқындылығы мыналар арқылы жүзеге асырылады: Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті мониторингі; – Көрсетілген медициналық қызметтердің күнделікті мониторингі; – Қаражатты пайдалану туралы стандартты есепті уәкілетті органға ұсыну (Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігіне, Үкіметке, Есеп комитетіне); – Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жариялау (қысқаша газеттерде, толық веб-сайтта және жеке БАҚ басылымдарда): – Әлеуметтік сақтандыру қорының стратегиялық құжаттары (5 жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орналасатын Міндетті әлеуметтік сақтандыру веб-сайтын жүргізу. – Өзімен бірге сақтандыруды (карточка) үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік жеткілікті бола ма? – Өз жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН) білу жеткілікті немесе өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс. – МӘМС енгізу азаматтардан төлемдерді талап ету арқылы жемқорлықтың өсімін тудырмай ма? – Біз жемқорлықтан арылудамыз. Біздің жарналар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз үшін аударымдары бұл жоспарланған емдеуге жатқызуға төлем болып табылады. – Осыған байланысты, медициналық көмек ұсыну кезінде медициналық ұйымдар тарапынан Тегін медициналық кепілдендірілген көмекке және Міндетті әлеуметтік сақтандыруға кіретін қызметтерге «көлеңкелі сыйақылар» ұсынылмауға тиіс. – Қызметтерге ақы төлеу, медициналық ұйымның ұсынылған медициналық көмегінің сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың қаражаты есебінен жүргізіледі. – Жақында әкемізге есту аппаратын сатып алдық. МӘМС шеңберінде өз бетінше сатып алынған техникалық оңалту құралдарына жұмсалған шығынның көлемін қалай анықтайтынын білгіміз келеді? – Өз бетінше сатып алынған техникалық құралдарға жұмсалған шығыстарды Қор өтемейді.

Серіктес жаңалықтары