Түрмедегі бүлік кезінде 13 адам қаза тауып, 8-і жараланды

Түрмедегі бүлік кезінде 13 адам қаза тауып, 8-і жараланды

Түрмедегі бүлік кезінде 13 адам қаза тауып, 8-і жараланды
ашық дереккөзі
Мексиканың Кадерейта қаласындағы түрмеде бүлік шықты. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Нуэво-Леон штатының қауіпсіздік қызметінің өкілі Альдо Фасси мәлімдегендей, бүлік шығарған сотталушылар үш күзетшіні тұтқынға алған. «Билік ұзақ уақыт бойы оларды босату келісөздерін жүргізді, алайда ол сәтсіз аяқталды. Содан кейін шабуыл жасап, бүлікшілерге қарсы қару қолдану туралы шешім қабылданды», - деген Фассидің сөзін келтіреді The Washington Post. Сондай-ақ, ол бүліктің шығуына түрмедегі қылмыстық топтардың жауласуы себеп болғанын нақтылады. Мексика түрмесінің өкілі айтқандай, шабуыл жасалғанда 13 сотталушы қаза тауып, 8 адам жараланған. Құқық қорғау органының бір қызметкері де жарақат алған.