Алматы маңында жүк көлігі жолаушыларға толы автобусты тас-талқан етті

Алматы облысында қатты жылдамдықпен қозғалып келе жатқан жүк көлігі жолаушыларға толы автобусқа келіп соғылды деп хабарлайды  Sputnik Казахстан агенттігі. 

Жол апаты Қызылту ауылындағы жаңа айналмалы тасжол мен Басибеков көшесінің қиылысында орын алған.

Жүк көлігі жаңа айналмалы тас жолдың бойымен қозғалып келе жатқан. Жүк көлігінің жүргізушісінің сөзіне сенсек, көліктің тежегіші істен шыққан. Осылайша ол Басибеков көшесіне шығып кеткен. Дәл осы тұста № 418 шағын автобусы оңтүстік бағытқа қарай бет алған.

Дәл осы сәтте қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан жүк көлігі автобусқа барып соғылған.

Апат салдарынан автобустағы 5 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button