Велосипед мінген жиһанкез әлемді 79 күнде аралап шықты

Велосипед мінген жиһанкез әлемді 79 күнде аралап шықты

Велосипед мінген жиһанкез әлемді 79 күнде аралап шықты
ашық дереккөзі
Шотландия тұрғыны Марк Бомонт Жер шарын велосипедпен 79 күнде айналып шығып, әлем рекордын орнатты. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады. 34 жастағы әуесқой 18 қыркүйекте Парижде мәреге жеткен. Бомонт 2 шілде күні дәл осы Франция астанасынан сапарға шыққан болатын. Осы кезеңде велосипедші 16 елді басып өтіп,  29 мың километр жол жүрген. Тәулігіне шамамен 370 километрден 16 сағат бойы тоқтамай жүріп, ұйқыға бес сағат бөліп отырған. Бомонт бетке алған маршруты бойынша Ресей мен Моңғолияны артқа тастап, Қытай астанасына дейін барған. Ол жерден Австралияға ұшақпен жетіп, жасыл құрлықтың батысынан шығысына дейін қиып өтіп, Жаңа Зеландиядан да өткен. Ол жерден АҚШ-қа дейін ұшақпен ұшқан Марк Солтүстік Америка құрлығын да батысынан шығысына қарай: Алясканың Анкориджінен бастап Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы Галифакс қаласына дейін жүріп өткен. Одан соң велосипедші Португалияға ұшып барып, оңтүстік-батыс Пиреней елінен Парижге дейін тағы да педаль айналдырған. Бомонт бұрын тіркелген әлемдік көрсеткішті 44 күнге қысқартты. 2008 жылы тағы бір шотландиялық Жер шарын велосипедпен 194 күнде айналып өтіп, кейіннен оның нәтижесі 123 күнге дейін қысқарған болатын. Бұдан тыс, Гиннестің рекордтар кітабындағы тағы бір рекорд жаңартылды. Ол саяхатының алғашқы айында Парижден Австралияның Перт қаласына дейін 11 мың 315 километр жүріп өткен.