Головкиннің келесі кездесуі желтоқсанда өтуі мүмкін

Головкиннің келесі кездесуі желтоқсанда өтуі мүмкін

Головкиннің келесі кездесуі желтоқсанда өтуі мүмкін
ашық дереккөзі
CBS Sports журналисі Лайл Фитцсиммонс промоутер Том Леффлерге сілтеме жасап, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі желтоқсанда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz. GGG-ге желтоқсан айында британиялық Билли Джо Сондерс немесе пуэрто-риколық Мигель Котто қарсылас болады. Ал Сауль Альвареспен қарымта кездесу 2018 жылдың мамыр айында өткізілуі мүмкін. Леффлердің айтуынша Сондерс Головкинмен өткізетін жекпе-жектен «жеңіл ақша» табуды көздейді, ал Коттомен кездесу жайында ол мұны анықтайтын бір жолдың бар екендігін қоса кеткен. Еске сала кетейік, кеше ғана Головкин Альвареспен жұдырық түйістіріп, тең түскен болатын.