«ЕМА-2017»: Жыл үздіктері марапатталды

«ЕМА-2017»: Жыл үздіктері марапатталды

«ЕМА-2017»: Жыл үздіктері марапатталды
ашық дереккөзі
Кеше алтыншы Еуразиялық музыка сыйлығы «ЕМА-2017» байқауы өтті. 10 номинация үшін 30 әртіс таласқа түсті. «Интернет таңдауы» номинациясы бойынша Ерке Есмахан желі қолданушыларының үздік орындаушысы деп танылды. Ерке Есмаханның гастрольдік сапарда жүруіне байланысты оның сыйлығын продюсер Баян Мақсатқызы қабыл алды. «Бірде менің үйіме кешке жақын Ерке (Ерке Есмахан - авт.) келді. «Баян Мақсатқызы, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаевалардың жолы болып кетті де менің неге жолым болмай жүр. 10 жыл болды ғой жүргеніме», - деді ол. Мен саспа, бәрі жақсы болады. Сенің дауысың ерекше, еленбей қалуы мүмкін емес, сәл сабыр қыл деген болатынмын. Енді міне, өздеріңіз көріп отырсыздар, Ерке қазір сахналардың төрінде жүр. Тіпті, мен оның сыйлығын алып тұрмын», - деді Баян Мақсатқызы. Үздік «Хип-Хоп» жанры бойынша тағайындалған номинациясын «Баллер» жеңіп алса, «Үздік ән» және «Үздік ерлер ұжымы» номинацияларын «91» тобы еншіледі. «Біз жүлде аламыз деп ойлаған жоқпыз. «Сахнаға шықсын» деді шықтық. Баршаңызға алғыс айтамыз», - деді топтың жігіттері. «Үздік видеоклип» номинациясы бойынша «Кентал» озып шықса,  «Үздік орындаушы ер адам» номинациясын Әли Оқапов, қыздардан Луина жеңіп алды. «Үздік ұжым» номинациясы «БН» тобына бұйырса, Айрии «жылдың ерекшелігі» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Ал «Джейран» тобы «үздік бойжеткендер ұжымы» номинациясын еншіледі. Сонымен қатар,  «Үздік дуэт» номинациясы Алан Черкасов пен Сосо Павлиашвилиге бұйырды. Шоу бизнеске қосқан үлесі үшін Айжан Нұрмағамбетоваға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлық табыс етілді.