Еуроодақ уланған жұмыртқаларға қатысты жиын өткізбек

Еуроодақ уланған жұмыртқаларға қатысты жиын өткізбек

Еуроодақ уланған жұмыртқаларға қатысты жиын өткізбек
ашық дереккөзі
358
Еуроодақ фипронилмен уланған жұмартқалар төңірегіндегі жанжалға байланысты қауымдастыққа мүше бірнеше елге оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы миссия жібермек, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Мұндай ақпаратты денсаулық сақтау жөніндегі еурокомиссар Витенис Андриукайтис мәлімдеді. Deutsche Presse-Agentur-дың соңғы деректерінше, одақ құрамындағы 24 елге таралған улы азық саны 100 млн-нан асып жығылады. Мамандар: «Фипронил жұмыртқа өндірісінде жыл бойы қолданылып келеді», – дейді. Осы даудан кейін Германияда – 7, Нидерландта – 258, ал Бельгияда 93 құс фабрикасы уақытша жабылған. Франция, Италия және Венгрия елдері де бұл жанжалдан тыс қалмады. «Уланған жұмыртқа мәселесіне қатысты Еуроодақ елдері министрлері мен өкілдерінің кездесуі болады. Шара 26-ыншы қыркүйекте өткізілмекші. Кездесудің мақсаты – азық-түлік өндірісіне қатысты мәселелерді шешуде Еуроодақ жүйесінің тиімділігін арттыру, соның жолдарын талқылау», – дейді Еурокомиссияның ресми өкілі Мина Андреева. Айта кетейік, фипронил – ауыл шаруашылығында зиянкес жәндіктермен күресте қолданылатын улы зат. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен стандартқа сәйкес: оны халық тұтынатын өнімдерге қолдануға болмайды! Еуроодақ бұл химикаттың адам бауыры мен бүйрегіне және қалқанша безіне өте қауіпті екенін алға тартып отыр.

Серіктес жаңалықтары