Еуропаға есірткі жөнелтпек болғандар қолға түсті

Еуропаға есірткі жөнелтпек болғандар қолға түсті

Еуропаға есірткі жөнелтпек болғандар қолға түсті
ашық дереккөзі
Бразилия полициясы есірткі саудалаушыларға қарсы рейд жүргізіп, 80 адамды тұтқындады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, қамауға алынғандар алты тонна кокаинді Еуропаға жөнелтпек болған. Заңсыз әрекетті іске асыру үшін қылмыстық топ Сан-Паулу штатындағы Сантос портын пайдаланған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткіге қарсы операция елдің алты аймағында жүргізілген. Оған 800 полицей қатысты. Ұзын саны 127 адамды тұтқындауға және 190 нысанды тінтуге рұқсат берілген. Алайда іздеудегілердің барлығын қолға түсіру мүмкін болмады. Полиция офицері Родриго Де Кампос: «Есірткіге қарсы операцияны америкалық тәртіп сақшылармен тығыз байланыста жүргіздік. АҚШ құқық қорғаушылары қылмыстық топтың тыйым салынған затты алып жүретін бағыттары туралы ақпарат берді. Әріптестігіміздің арқасында заңсыз әрекеттің жолын кестік», – дейді. Тұтқынға алынғандардың 28-і – Сантос қаласындағы порт терминалының қызметкерлері. Олар есірткі саудалаушылармен ауыз жаласып, өзара сыбайластық орнатқан. Сөйтіп тыйым салынған тауарларды тиісті бағытқа тасымалдап отырған. Колумбия, Перу, Боливиядан келген кокаиннің басым бөлігі Еуропаға жөнелтілген.