жексенбі, 20 сәуір, 2025

Головкин мен Альварес кездесуіне арнайы белбеу жасалды

/
Головкин мен Альварес кездесуіне арнайы белбеу жасалды
ашық дереккөзі
Головкин мен Альварес кездесуіне арнайы белбеу жасалды WBC қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Сауль«Канело» Альварестің кездесуіне арнайы белбеу жасады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін кездесуге арнайы белбеу жасап шығарды. Авторлар белбеуді жасап шығаруға 300 сағаттай уақыт жұмсаған. Онда Қазақстан мен Мексиканың тулары белгіленген. Еске салайық, бұл жекпе-жек 16 қыркүйек  күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Кездесуде Головкин барлық белбеуін ортаға салса, «Канело» The Ring журналының чемпиондық атағын сарапқа салады.
Бөлісу: