Шығыс Қазақстандағы патшалар жазығы зерттелуде

Мұндағы жүзге тарта қорғанның бүгінге дейін 3-тен 1-і ғана зерттелген. Ғалымдар қазір Берел қорымындағы №5-ші қорғанды қазу үстінде. Жақында ғана бұл обадан сақ кезеңіне жататын әйел адамның мүрдесі табылған еді.

«Дала амазонкасы» атанған әйелдің дәрежесін жанынан табылған бағалы әшекейлер, қымбат тонның қалдықтары мен қанжары айғақтайды. Бұған дейін қорған 2 рет тоналған. Алайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары құнды дүниелердің табылуына негіз болды. Болашақта тарихи жауһарлар патшалар жазығында бой көтеретін ашық аспан астындағы мұражайға қойылады.

Зейнолла Самашев, археолог:

– Бұл дүниелердің барлығын қазіргі кездегі мәдени кеңістікке барлығын интеграциялау – «Рухани жаңғырудың» бір бағыты болып табылады.

Түлек Ынтымақ, студент:

– Осы археология ғылымы туралы қызығып, осында жұмысты істеуге қалып қойдым. Қалғаныма өкінбеймін. Өйткені осыншама қабат тас пен жер астынан тарихымызды ашуға өз үлесімді қосып жатырмын.

Back to top button