Түркіменстан президенті жаңа кітабын тағы да әкесіне арнады

Түркіменстан президенті жаңа кітабын тағы да әкесіне арнады

Түркіменстан президенті жаңа кітабын тағы да әкесіне арнады
ашық дереккөзі
Түркіменстан президенті кезекті жаңа кітабын тағы да әкесіне арнады. 12 тамызда Түркіменстан ішкі істер министрлігінің әскери бөлімшелерінің бірінде ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің «Батыр азаматтар ерлік үшін туылады» деп аталатын кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Президенттің жаңа кітабы Түркіменстанның ішкі істер министрлігінің тарихына, осы құрылымда жұмыс істеген президенттің әкесі Мәлікгулы Бердімұхамедовке арналған деп жазады жергілікті БАҚ. Мемлекет басшысы әкесінің өмірлік жолы өзіне үлгі екенін, ата-бабаларының адамгершілік қасиеттері өмір мектебі екенін жазған. Түркіменстан президентінің жарыққа шыққан кезекті кітабы отбасы мүшелеріне арналған. Осыған дейін де "Довлет гушы" деп аталатын әкесіне арналған, "Алем ичре ат гезер" деп аталатын атасына арналған кітаптары жарық көрген. 2007 жылдан бері Түркіменстанды билеп отырған Бердімұхамедов әртүрлі тақырыптарда, олардың ішінде тарих, экономика, емдік өсімдіктер, түркімен ұлтының дәстүріне арналған 40-қа жуық кітап жазды. Президент бір ғана 2016 жыл ішінде 7 кітап жазып үлгерген. Түркіменстанның орта мектептерінде мұғалімдер міндетті түрде президент кітаптарынан үзінді келтіріп отыруы тиіс.