Бейсенбі, 23 Наурыз, 2023

Қазақстанның Таиландтағы елшісі ауысты

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі ауысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында. Раушан Есболатова жаңа елші болып тағайындалды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалд», – делінген сайтта.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button