Ғаламтор арқылы кеме шақыртуға болады

Ғаламтор арқылы кеме шақыртуға болады

Ғаламтор арқылы кеме шақыртуға болады
ашық дереккөзі
«Убер» компаниясы жаңа қызмет түрін ұсынып отыр. Енді тұтынушылар ғаламтор арқылы такси ғана емес, кеме де шақырта алады. Әзірге бұл тек Хорватия халқы үшін қолжетімді. Тұрғындар мобильді қосымша арқылы қажетті бағдарды таңдап, 8 немесе 12 адамға арналған су көлігіне тапсырыс бере алады. Негізі «Убер» өкілдері бұған дейін тиісті қызмет түрін АҚШ Майами мен Түркияның Ыстамбұл қаласында сынақтан өткізген. Енді хорватиялықтарға да осындай қызмет көрсетпек. Давок Тремак, Uber өкілі: – Хорватияны таңдауымыз бекер емес. Өйткені мұнда 1200 астам арал бар. Оның үстіне ғаламтор арқылы такси шақырту қызметі «Убер» елдің 6 бірдей қаласының тұрғындары үшін қолжетімді болып келеді. Халық бізге үйреніп қалды деуге болады. Тағы бір айта кетерлік жайт, жергілікті тұрғындардан бөлек жыл сайын Хорватияға 16 миллион турист келеді. Олардың саяхаттап, қатынауы үшін бар жағдайды жасауымыз керек.