"Орбита" тұрғындары автотұрақтың орнына көпқабатты үй салуға наразы

"Орбита" тұрғындары автотұрақтың орнына көпқабатты үй салуға наразы

"Орбита" тұрғындары автотұрақтың орнына көпқабатты үй салуға наразы
ашық дереккөзі
282
Алматыдағы «Алғабас-6» ықшам ауданында сапасыз құрылыспен аты шыққан «Астанақұрылыс» компаниясы Үлкен Алматы өзенінің бойында орналасқан 400 орындық автотұрақты сүріп, орнына көпқабатты үй салмақшы, деп хабарлайды Астана арнасы. Арнаға бұл туралы «Орбита» шағын ауданының тұрғындары мәлімдеген. Құрылысқа қарсы болған халық биліктің бұған жол бермеуін сұрайды. Осыдан 40 жыл бұрын «Орбита» шағын ауданы тұрғындары үшін салынған көлік тұрағына қатысты тартыстың шыққаны бүгін емес. 2014 жылы жергілікті тұрғындар мен автотұрақ орналасқан жерді жалға алған «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында сот процесі жүрген. Бостандық аудандық соты тұрғындардың шағымын қанағаттандырмаған. Яғни жерге иелік ету құқығы аталған серіктестіктің құзырында қалған. Енді жер телімін мекеме «Астанақұрылыс» компаниясына көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін бермекші екен. Ал «Орбита» тұрғындары бұған түбегейлі қарсы. Автотұрақ Үлкен Алматы өзенінің жағасында орналасқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлік тұратын жердің астынан ескі өзеннің арнасы өтеді. Сондықтан ол жерге тұрғын үй салу қауіпті. «Темірлан» серіктестігі автотұрақ аумағын 12 маусымнан бастап босату қажеттігін айтып, тілдей хабарландыру іліпті. Алайда тұрғындар бұл талапты орындаудан бас тартып отыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері де бұл мәселеден хабардар. Қала құрылысы және сәулет басқармасы жер теліміне иелік ететін компанияның тұрғын үй құрылысын жүргізуіне рұқсат бермеген. «Оларға құрылыс салуға рұқсат берілмеген. Оларға тек рекомендация берілген, яғни қасындағы көршілермен мәселені шешіп тасауы керек еді. Ары қарай, енді сол тұрғындармен өзара келіспесе, үй салуға ешқандай рұқсат болмайды», – дейді Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшсының міндетін атқарушы Алмасхан Ахмеджанов. Алматы қалалық жер қатынастары басқармасы қала әкімінің рұқсатымен жер телімін жалға беруді тағы бір жылға ұзартқан. Ал көпқабатты үй салуды жоспарлап отырған "Астанақұрылыс" компаниясы қандай да бір ақпарат беруден бас тартыпты. Арна тілшісінің сөзінше, Сәулет басқармасы аумағы атшаптырым жерді тиімді игеру үшін тұрғын үй құрылысын салу қажет деп отыр. Бірақ жергілікті тұрғындар зәулім үйлердің көлеңкесінде қаламыз деп құрылыс жұмыстарының басталуына наразы. Сондықтан бұл іске алдағы уақытта тек сот орындары ғана нүкте қоюы мүмкін.  

Серіктес жаңалықтары