Египет соты 31 адамды өлім жазасына кесті

Египет соты 31 адамды өлім жазасына кесті

Египет соты 31 адамды өлім жазасына кесті
ашық дереккөзі
Египетте Бас прокурор Хишам Баракаттың өліміне қатысы бар деп айыпталған 31 адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Reuters агентігіне сілтеме жасап «Коммерсант» хабарлады.  Үкімнің күшіне енуі үшін құжатты елдің Жоғарғы мүфтиі бекіту керек. Қорытынды шешім 22 шілдеде шығады. Осы күні сот аталған іске қатысты қалған 36 адамға қатысты да қорытынды шешім шығармақ. Оларға Бас прокурорға қастандық жасап, оны жүзеге асырды, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды дайындады деген айып тағылып отыр. Айта кетейік, Хишам Баракат 2015 жылдың маусымында Египет астанасында көлігін жарып жіберген соң алған жарақаттарының салдарынан мерт болды. 2016 жылдың наурызында кісі өліміне қатысы бар 6 күдікті тұтқындады. Олардың барлығы да «Мұсылман бауырлар» ұйымының белсенділері болатын. Египеттің ІІМ-нің өкілдері қастандық әрекетіне «Хамас» ұйымының мүшелерінің де қатысы болуым мүмкін деп есептеген еді. Алайда, қозғалыс мүшелері бұл ақпаратты растамады.