Қырғызстанда әрбір үшінші бала қара жұмысқа жегілген

Қырғызстанда әрбір үшінші бала қара жұмысқа жегілген

Қырғызстанда әрбір үшінші бала қара жұмысқа жегілген
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 5-17  жас аралығындағы әрбір үшінші бала заңсыз еңбекке жегілген. 6-13 жастағы әрбір төртінші бала қауіпті жұмыс істейді. Халықаралық еңбек ұйымы Қырғызстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп дайындаған зерттеуі осыны көрсетті. Елде әрбір үшінші оқушы сабақ пен тыйым салынған бала еңбегін қатар орындап жүр. Жұмыстағы балалардың үлгерімі төмен болады. Зерттеу мәліметіне қарағанда, жұмыстағы бала мен жұмыс істемейтін баланың бойы мен салмағында орташа есеппен 13 см және 12 келі айырмашылық болады. Қырғызстанда 2-12 маусымда бала еңбегін пайдалануға қарсы күндер ұйымдастырылды. 12 маусымда Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні атап өтіледі.