Биыл қант мол болады

Биыл қант мол болады

Биыл қант мол болады
ашық дереккөзі
2017 жылы Қазақстанда өндірілген отандық қанттың көлемі 1,5 есеге артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Егістерді әртараптандыру шаралары атқарылды. Осы орайда сұранысқа ие дақылдардың егістері 1 млн. 348 мың гектарға артты. Бұл тұрғыда елімізде қант қызылшасы ның егістік көлемі 7 мың гектарға немесе 1,5 есеге ұлғайды. Аталған әртараптандыру ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, отандық қанттың мөлшері 36 мың тоннадан 54 мың тоннаға дейін жетеді», - деді Айтуғанов. Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан қант қызылшасы туралы баяндап беруді сұрады. «Облыста көктемгі егіс, оның ішінде қант қызылшасы бойынша жұмыстар толығымен аяқталды. Өткен жылы 6,4 мың гектар болса, биыл 9 мың гектарға жеттік. Осы бағытта қажетті техниканы сатып алдық»,-деп тоқталды әкім. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Көксу қант зауыты қант қызылшасы өнімдерін толықтай қабылдауға үлгермейтінін ескере отырып, қазіргі кезде инвесторларды тарту арқылы Ақсу қант зауытын қалпына келтіріп, іске қосу жоспарланып отыр.