550
Activ қолданушыларының сауалдарына робот жауап береді
Activ қолданушыларының сауалдарына робот жауап береді
Енді activ байланыс орталығына қоңырау соққан кезде абоненттерге Жанна есімді виртуалды робот-кеңесші қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Кселл» АҚ байланыс бөлімі хабарлайды.
Ол сауалдарға қазақ және орыс тілдерінде жауап береді. Виртуалды көмекші жанды дауысты таниды, сол себепті робот абоненттермен байланыс орталығының кеңесшісі ретінде сөйлесе алады.
3030 нөміріне қоңырау шалған activ абоненттері желіде күтпестен, бірден кеңес алатын болады.
Абонент сауалын тыңдаған соң, робот әңгіме тақырыбын анықтайды және қосымша мәліметтер алып, шешім ұсынады. Осыдан бұрын пайдаланушылар дауыс мәзірінің барлық бөлімдерін тыңдап, сандық комбинациялар арқылы ілгері жылжуы қажет еді. Енді олар сұрақ қойса жеткілікті, жауабын робот-кеңесші береді. Жанна уақыт үнемдейді, мәселені сұхбат түрінде шешуге мүмкіндік береді және операторларды абоненттердің стандарттан тыс мәселелерін шешуден босатады.
«Виртуалды кеңесші екі ішкі жүйеден тұрады, олар клиентті тыңдауға және оның сұрақтарына жауап беруге көмектеседі. Жаннаның платформасы – еркін, құрылымдалмаған сөйлемнен мағына шығара алатын «қозғалтқыш». Робот абоненттердің сауалдары мен ойларын математикалық дәлдікпен қабылдайды және жадында сақтайды, оның клиенттермен «мағыналы» сұхбат жүргізуге қабілеттілігі бар. Бұған қоса, робот-кеңесші 24/7 режимінде бір мезетте 200 сауал өңдейді. Роботты іске қосқан сәттен бастап, activ байланыс-орталығына қоңырау шалу тиімділігі 15% жақсартылды»,- дейді Арти Отс, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры.
Абоненттердің көпшілігі байланыс орталығына ұқсас сауалдармен хабарласады. Олар санаттарға бөлініп, автоматтық тәртіпке ауыстырылған. Қазір Жанна activ тарифтік жоспарлары туралы сұрақтарға жауап береді, интернет-қызметтерге және күйге келтіру, «Симфония» қызметі бойынша кеңес береді және «Роуминг» және «Халықаралық қоңыраулар» сервистері, провайдерлердің қызметтері, экстра- және авто-баланс бойынша ақпарат ұсынады, нөмірді блокқа қоюға көмектеседі және т.б.
Виртуалды кеңесшінің білім базасы мен функионалы одан әрі кеңейтіліп, жетілдірілетін болады. Алты айдың ішінде Жанна компанияның барлық қызметтері мен науқандары бойынша кеңес береді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін балама өнімді Kcell абоненттері үшін де іске қосу жоспарлануда.