Филиппиндер наразылық шеруіне шықты

Филиппиндер наразылық шеруіне шықты

Филиппиндер наразылық шеруіне шықты
ашық дереккөзі
Филиппин астанасы Манилада Тәуелсіздік күніне орай жүздеген адам Қытай мен АҚШ елшілігінің алдына жиналып, наразылық шеруін өткізді. Акцияға қатысушылар биліктен осы екі мемлекетпен саяси, экономикалық және әскери байланыстарды тоқтатуды талап етті. Өйткені ұйымдастырушылардың пікірінше, екі ел Филиппиннің егемендігіне қауіп төндіріп, бостандықты шектеп отыр. Мысалы, аспанасты елі Оңтүстік Қытай теңізінде даулы аралдарға көз тіксе, АҚШ Минданао аймағындағы төтенше жағдайды пайдаланып, өз ықпалын күшейтпек. Осыдан екі апта бұрын лаңкестер 200 мың тұрғыны бар Марави қаласына басып кіріп, біраз адамды кепілдікке алған. Аймақта төтенше жағдай жарияланып, арнайы операция басталған. Ал жақында АҚШ әскерилері Филиппин тарапына көмек көрсетуге кіріскен болатын. Карлос Зарате, шеруші: – Филиппин елін қалай тәуелсіз деп айтуға болады, егер оның экономикасы және әлеуметтік-мәдени саясаты АҚШ пен Қытай сияқты империалист мемлекеттердің ықпалында болса?!